|  | 

Керекті кеңес

Мектеп оқушыларына тегін көмектесетін жоба іске қосылады

Қазақстанда оқушыларға мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектесетін «E-Tutor» әлеуметтік жобасы іске қосылады.

«NU Alumni» түлектер қауымдастығы білім берудегі тәлімгерлік бойынша осындай жобаны іске қоспақ. Жоба аясында НУ түлектері мен студенттері қатарынан кураторлар волонтерлық негізде 5-11 сынып оқушыларына бірқатар пән бойынша мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектеседі. Оқушыларды іріктеу кезінде ең алдымен медицина қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларға басымдық беріледі.

Жобада оқушылар пәндерді меңгеруде көмек алып қана қоймай, робот техникасы, информатика және бағдарламалау бойынша үйірмелерге жазыла алады.

Сондай-ақ, менторлармен бірге балалар олимпиадаларға дайындалып, емтихандарды, соны ішінде IELTS және SAT-ті де тапсырады.

«Біздің жоба қазақстандық оқушылардың әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу үшін ойластырылған. Бүгінгі таңда біздің жобамыз елорданың бірнеше мектебін ғана қамтиды, бірақ болашақта еліміздің әр өңірінен келген балаларды оқуда қолдау арқылы оның географиясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — дейді «NU Alumni» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Арман Қоңқабай.

Сабақты оқушының таңдауына байланысты қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өткізу жоспарлануда. Әр оқушы 3 пәнге дейін таңдай алады. Ол бойынша куратор апта сайын 45 минуттан онлайн-сессия өткізеді. Барлық білім беру материалдары: онлайн-сабақтардың жазбалары, әдістемелік анықтамалықтар, оқулықтар, емтихандарға дайындық бойынша ұсынымдар жобаның арнайы сайтында орналастырылады.

Бүгінгі күнге дейін жобаға іріктеудің барлық кезеңінен өткен 69 куратор-түлек қатысуға ниет білдірген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жас ғалымдарымыз тегін жоғары білім алуы тиіс – Мәжіліс депутаты

    Жас ғалымдарымыз тегін жоғары білім алуы тиіс – Мәжіліс депутаты

    Жас ғалымдарымыз тегін жоғары білім алуы тиіс. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова білдірді. Өте көп жастарымыз жоғары білім алу үшін шетелге кетіп жатыр. Жоғары білім алғаннан кейін олардың көпшілігі сол жақта қалып қоятындығын да білеміз. Ал бұл мемлекетіміз үшін үлкен шығын екені түсінікті. Ал ғылыми қызметкерлерді дайындайтын жоғары оқу орындарымыз қандай? Ғылыми

  • Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы ҰБТ-ға енгізілетін алғашқы жаңашылдықтарды атады

    Асхат Аймағамбетов 2021 жылғы ҰБТ-ға енгізілетін алғашқы жаңашылдықтарды атады

    «Әріптестерімізбен тестілеуді (ҰБТ) өткізу рәсімін жетілдіру керек деген қорытындыға келдік. Цифрландыру дәуірінде комиссия құрамында бірнеше мың адамның болуын қамтамасыз ету үшін 1,5 миллиард теңге жұмсауға жол берілмеуі керек, оның үстіне бұның нәтижесі – тиімсіз. Сондықтан бұл рәсім заманауи прокторинг пен бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілген электронды форматқа өтеді», — деп жазды министр Facebook парақшасында. Асхат Аймағамбетов

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog