10 C
Нур-Султан
21.06.2021

Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар ма?

Кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында министрге кезекші сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің қашықтан оқытуына тыйым салынып жатқандығы айтылған болатын.

«Бұған жол беруге болмайды. Қашықтан оқытатын форматта да, кезекші топтарда да жұмыс істеуге мүмкіндігі бар педагогтердің сабақ беруге құқығы бар», — деді ол.

Оның атап өтуінше, бұған дейін бастауыш сынып мұғалімдерінде бір ставкаға сағат жетпей қалу проблемасы болған. Мәселен, үлгілік оқу жоспарына сәйкес, бірінші сыныптарда аптасына 24 сағат беріледі. Алайда ағылшын тілі, дене шынықтыру сынды сабақтарды басқа мұғалімдердің беруіне байланысты бастауыш сынып ұстазының орташа жүктемесі 15-16 сағатты құрап, 18 сағатқа, 1 ставкаға да жетпеген. Ал қазір жағдай өзгеріп отыр.

«Қазір біз сыныпты бөлетін боламыз. Айталық, сыныпта 30 оқушы бар. Бүгінгі жағдайда кезекші сыныпта оқыту барысында олар аталған сыныпты 15 баладан екі шағын топқа бөлуге міндетті. Соған орай педагогке жүктеме де артады. Дегенмен, педагог қосымша жұмысы үшін қосымша ақы да алады. Яғни, егер қазіргі уақытта онда 28 сағат болса, педагог барлық 28 сағат үшін жалақы алады», — деді Асхат Аймағамбетов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...

Тестілеу кезінде басқа оқушының орнына ҰБТ тапсырмақ болған 4 студент ұсталды

Мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов ФБ парақшасында жазды. Осылайша,...

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...