|  | 

Керекті кеңес

Келесі жылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі өзгереді.

Білім беруді басқару органдары жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы – білім беру сапасы мен тиімділігін арттырудың маңызды шарттарының бірі.

Сарапшылар аудандық, қалалық және облыстық білім басқармаларының өзара байланысы мен жұмыс жүргізу жүйесіндегі кемшіліктер туралы ұзақ уақыт бойы айтып келеді. Бұл мәселені ескере отырып, жүйені өзгерту туралы шешім қабылданды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті Заң қабылданғаны белгілі.

Енді 2021 жылдан бастап аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін қаржыландыру және басқару құзыреті облыстық білім беру басқармаларына беріледі, яғни әр мектеп пен балабақшаның мәселелері облыстың бақылауында болады. Бұл – жалпы білім беру саласы үшін өте маңызды қадам.

Мысалы, ауылдағы мектепке жөндеу жұмыстары қажет болса, мектеп директоры аудандық білім бөліміне жүгінеді. Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы аудан әкіміне емес, бірден облыстық білім басқармасына өтініш жібереді.

Айта кетейін, қазір аудандық және қалалық білім бөлімдері (яғни мектептер мен балабақшалар) аудан әкіміне қарайды. Сәйкесінше, қаржыландыру мәселесі сол аудан мен қаланың мүмкіндіктеріне (бюджетіне) тікелей байланысты.

Мұндай өзгерістер Білім және ғылым министрлігінен әр мектеп пен балабақшаға дейінгі «жолды» қысқартуға жағдай жасайды.

Мысалы, бір ғана Қостанай облысында жиырмаға жуық аудан мен қала бар, яғни, 20 әкім жұмыс істейді. Білім бөлімдерінің облыстық білім басқармаларына берілуі шешім қабылдау орталығының да 20-ға қысқаратынын білдіреді.

Бастысы, жаңа өзгерістер білім беру ұйымдарындағы жағдайды теңестіруге мүмкіндік береді.

Елімізде бірыңғай нормативтік құқықтық актілер, бірыңғай стандарттар мен талаптар болғанының өзінде, білім сапасы өңірлерде ғана емес, бір облыстың аудандарында да әртүрлі екені жасырын емес. Халықаралық зерттеулер нәтижесі де бір облыстың ішінде білім сапасындағы айырмашылық үлкен екенін көрсетті.

Осы сияқты қаржыландыру деңгейі мен басқару тәсілдерінің әртүрлі болуы мектептерді жылыту маусымына дайындау, оқулықтармен, компьютерлермен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына да әсер етеді.

Тағы да мысал келтіріп өтейін, сол Қостанай облысындағы ірі тауар өндіруші кәсіпорындар шоғырланған аудандарда (Қостанай, Меңдіқара, Әулиекөл аудандары) бюджетке аударым көбірек түседі. Дегенмен, өңірдегі Алтынсарин және Қамысты аудандары мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды. Яғни бұл білім саласын қаржыландыруға, жөндеу жұмыстарына, компьютерлермен және оқулықтармен қамтамасыз етуге әсер етеді.

Білім саласындағы мұндай басқару жүйесі кері байланысқа, білім саласындағы саясаттың тиімді имплементациясына кедергі келтіреді. Нәтижесінде қаржыландыру бойынша, жөндеу жұмыстарына, кадрлық мәселелерге қатысты теңсіздіктер орын алады.

Ашық айту қажет, қазіргі уақытта аудан мен қала әкімдіктеріне бағынатын мектептер мен балабақшаларға Білім басқарламалары іс жүзінде әсер ете алмайды.

Басқармалардың құзыретінде колледждер, дарынды және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 5-10 мектеп, балалар үйі, ПМПК бар. Енді мектептер мен балабақшалар бір орталықтан басқарылса, қаржыландыруды теңестіру және арттыру проблемалары кешенді түрде шешілетін болады.
Бұл – жақын арада білім беру жүйесін әлдеқайда тиімді етуге негіз болатын қажет шешім.

Тағы бір жаңашылдық – білім бөлімдерінің басшыларын аудан және қала әкімдері емес, облыстық білім басқармасы басшысы тағайындайтын болады.

БҒМ талаптарына сәйкес олар іс-тәжірибелік және функционалдық дағдылары бар кадрлар, білім беру жүйесінде төменгі басшылық лауазымдарда жақсы тәжірибе жинаған мамандар болуы тиіс. Соңғы жылдары бұл лауазымдарға білім саласына қатысы жоқ адамдарды тағайындау фактілері жиі кездесті, оған жол бермеуіміз керек.

Министрлік пен білім басқармалары арасындағы өзара байланыста да бірқатар мәселелер бар екені жасырын емес. Бұл да – әкімшілік және ұйымдастырушылық бағыныстылықтың болмауының әсері.
Білім және ғылым министрлігі өз кезегінде балабақша, мектеп, колледждерге тек жанама түрде, МЖБС, оқу бағдарламалары мен НҚА арқылы ықпал ете алады.

Министрлік білім басқармалары мен бөлімдерінің басшыларын тағайындамайды, мектептерді, балабақшаларды, колледждерді қаржыландырмайды.

Бұл ретте қолданыстағы ұйымдастырушылық және қаржы жүйесі бойынша министрліктің 20 мыңға жуық ұйымды тиімді басқаруы мүмкін емес екенін түсіну керек.

Бұл жағдай жан басына қаржыландыруды кезең-кезеңмен енгізгеннен кейін, бухгалтерия, сатып алу және тағы басқа жұмысты цифрландырғаннан кейін, білім беру ұйымдары жанындағы корпоративтік басқару органдарын енгізгіп, басқа да шараларды қолданғаннан кейін ғана өзгереді.

Әзірше біз облыстық басқармалар мен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің басшыларын тағайындау барысында Білім және ғылым министрлігімен келісілу бойынша және білім бөлімдерін облыстық басқармаларға беру жөнінде нормаларды енгізуге бастама жасадық. Бұдан әрі жағдайды талдап, осы бағыттағы келесі қадамдарды жасаймыз.

Басқару жүйесін өзгерту және білім бөлімдерін мектептермен және балабақшалармен бірге облыстық деңгейге беру, аудандық және қалалық білім бөлімдері мен білім басқармаларының басшыларын тағайындау мен жұмыстан босатуды БҒМ-мен келісу туралы норманы енгізу, бірыңғай біліктілік талаптарын қалыптастыру және қалалық, аудандық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармаларының басшылығына кәсіби-практиктерді тарту, директорларды тағайындау жүйесін өзгерту, оларды аттестаттау және ротациялау институтын енгізу, қаржыландыру жүйесін дербестендірілген және жан басына шаққандағы деңгейге өзгерту – жалпы білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға сеп болатынына сенімдімін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

    Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

    Көктемдегі тәжірбиеге сәйкес біз телесабақтарды да әзірлеудеміз. Телесабақтар өте қолжетімді құрал. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде. Теледидар сабақтары «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып, оқушылар үшін тегін әрі қолжетімді болады», — деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, қазір Ақпарат және қоғамдық

  • Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы турасында: Тиісті құжаттарды дайындадық

    Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы турасында: Тиісті құжаттарды дайындадық

    Оқу жылын бастау үшін қажетті нормативтік — методологиялық құжаттарды қабылдау маңызды. Тиісті құжаттардың барлығын дайындадық. Қашықтан оқыту технологияларын қолдану және оқыту форматтары бойынша егжей-тегжейлі әрі қадамдық нұсқаулықтар әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының қызметін жүргізудің санитарлық талаптары да әзірленді», — деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, қашықтан оқыту кезінде оқу процесінің принциптері

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog