|  | 

Керекті кеңес

ҰБТ негізінде сертификаттар мен құжаттарды қабылдау рәсімі 25 шілдеге дейін созылды

Колледж, жоғары оқу орындарының студенттері көбінесе қашықтан оқу форматында оқитын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Колледж, жоғары оқу орны студенттері көбінесе қашықтан оқу форматында оқитын болады. Кейбір мамандық бойынша тәжірибе, лабораториялық жұмыс және басқа да осындай дәстүрлі оқу режимі бойынша ұсыныстарды қабылдап, ондай мүмкіндікті береміз. Сондай-ақ, шалғайдағы ауыл-аймақтарда да колледжер бар. Эпидемиологиялық жағдай жақсы болса оларға дәстүрлі түрде сабақ беруге рұқсат етеміз», — дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, магистратураға тест тапсыру бойынша айтарлықтай өзгерістер жоқ.

«Биыл тестілеу тамыз айында ұйымдастырылады. Ағылшын тілін игеру бойынша талаптарды сәл күшейттік. Осыны қоспағанда үлкен өзгерістер жоқ. Қазіргі уақытта бакалавриат және доктарантура бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бакалавриат бойынша ҰБТ аяқталды. Енді ҰБТ негізінде сертификаттармен күні кеше құжаттарды қабылдау рәсімі басталды. Осы рәсімді 25 шілдеге дейін создық», — дейді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

    Жаңа оқу жылы: Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі

    Көктемдегі тәжірбиеге сәйкес біз телесабақтарды да әзірлеудеміз. Телесабақтар өте қолжетімді құрал. Барлығы 6 мыңнан астам телесабақ түсірілуде. Теледидар сабақтары «әл-Фараби» мен «Ел-Арна» арналарында көрсетіледі. Кем дегенде әрқайсысында 9 сағаттан эфир берілді. Оған қоса барлық телесабақтар интернетте орналастырылып, оқушылар үшін тегін әрі қолжетімді болады», — деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, қазір Ақпарат және қоғамдық

  • Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы турасында: Тиісті құжаттарды дайындадық

    Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы турасында: Тиісті құжаттарды дайындадық

    Оқу жылын бастау үшін қажетті нормативтік — методологиялық құжаттарды қабылдау маңызды. Тиісті құжаттардың барлығын дайындадық. Қашықтан оқыту технологияларын қолдану және оқыту форматтары бойынша егжей-тегжейлі әрі қадамдық нұсқаулықтар әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының қызметін жүргізудің санитарлық талаптары да әзірленді», — деді министр Үкімет отырысында. Оның сөзіне қарағанда, қашықтан оқыту кезінде оқу процесінің принциптері

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog