Қазақстан Республикасы Президентіне жолдау

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Ертең, еліміздің  білім және ғылым саласының өзекті  мәселелеріне арналған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің  кезекті отырысы өтеді. Соңғы жолдауы-ңызда Сіз осы саланы түбегейлі реформалаудың қажеттілігін атап өттіңіз. Кеңес мүшелері ертең қандай сұрақтар қоятынын білмеймін, бірақ біздің білім беру жүйесіндегі   нақты  проблема   тудырып  тұрған  күрмеуі шешілмеген  қиындықтар   туралы сөз   қозғалатынына сенімдімін.

Баршаға белгілі, халықаралық және жергілікті  зерттеулердің барлық көрсеткіштері (PISA, PIRLS, PIAAC, TIMSS, ICILS, НКТ) бойынша біздің ел  білім беру сапасы бойынша ең төменгі деңгейде тұр. Сонымен қатар, әрбір жаңа зерттеу білім беру жүйесінің  сапасын  құлдыратып жатыр.Өкінішке орай, қазіргі таңда  кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік және оқуға қызығушылықтың төмендеуі, сабақты себепсіз босатудың  динамикасы түспей тұр.Бірақ  бұл деректер  бойынша  жауапты органдар   нақты, анық  стратегиялық шаралармен алдын алмайды. Соңғы уақытта ҚР Білім және ғылым министрлігінің барлық әрекеттері, өкінішке орай, тиімді болып саналғанымен, тактикалық сипатта болады, бірақ іс жүзінде  тек уақытша жедел мәселелерді шешуге  арналады (мысалы, процестерді автоматтандыру және есеп беру).

Біз, Қазақстанның жас ұрпағы  ретінде, бұл жағдайға алаңдаймыз. Біз балаларымызды заманауи және қол жетімді қазақстандық мектептерде, колледждер мен университеттерде  өзін-өзі  сенімді  тұлға ретінде оқытып тәрбиелегіміз келеді.

Әрбір қазақстандық ата-ана өз баласының мемлекеттік НЗМ, БИЛ немесе    РФММ деңгейіндегідей білім беру сапасы жоғары  толыққанды мектептерде     білім алуын  армандайды, бірақ мұндай мектептер республикадағы барлық мектептердің тек 1% ғана  құрайды. Бұл көрсеткіш, одақ құлағаннан бергі екі және үш ауысымда  оқытатын  мектептердің  99 пайызында білім алып  жатқан  барлық балалар — Қазақстан Республикасы  Конституциясы кепілдік берген сапалы білім алу құқығынан айырылды деген сөз.

Болашақта бізді қандай қоғам күтіп тұр? Қазір не істеу  керек, нені өзгерту керек? Біздің мемлекет тәуелсіз және бәсекеге қабілетті болуы үшін   әр баланың  тең  дәрежеде және әділ  білім алуына  мүмкіндіктер жасау керек!

 Бірінші кезекте, бұл үшін мемлекеттік басқару және білім беруді реттеу жүйесін өзгерту қажет. Министрлік мүмкіндіктердің ресми қолжетімділігіне қарамастан,  құзырлы  орган ретінде іс жүзінде әкімдік басшыларынан өз өңірлеріндегі  білімнің сапасы  туралы есепті талап етпеген. Білім беру саласындағы орталық билік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы міндеттер, өкілеттіліктер және ресурстарды бөлу жөніндегі қазіргі саясат,  өңірлер арасындағы мектептердің сәйкессіздігі мен теңсіздігіне әкеліп соқты және  беделін түсірді.

Сондықтан, мектептер мен аймақтар арасындағы  көзге тайға таңба басқандай анық көрініп тұрған  айырмашылықты тез арада теңестіру үшін біз барлық білім беру органдары мен мектепке дейінгі, орта және кәсіптік білім беру ұйымдарын Министрлікке тікелей бағындыруды, жауапкершілікті ғана емес, сонымен бірге өкілеттілік пен ресурстарды да  міндеттеуді  ұсынамыз.

Сондай-ақ, білім беруге  барлығы жауап беретін сияқты болып көрініп, бірақ  қорытындысында жауапкершіліктен жалтару деген болмау керек.

Білім беру саласын дамытудағы істе айқын, нақты  жауапкершіліктің жоқтығы қазіргі «жауапты» адамдарға ыңғайлы,  ал зардабын  мұғалімдер, балалар және  олардың  ата-аналары  тартуда.

Қазіргі Қазақстанның тарихында министрлер мен әкімдердің білім сапасындағы  күрделі мәселелер бойынша жауапкершілікке тартылып, орнын босатып жатқанын  бұрын-соңды естіген емеспіз.

ҚР Білім және ғылым министрлігін қазіргі кездегі үлкен жұмыс жүктемесінен босату керек, атап айтсам, министрлік  білім және ғылым саласын реттейтін жалғыз уәкілетті орган ретінде  Ережеге  сәйкес 200-ден астам функцияларды орындайды, сонымен қатар қызметтің тиімділігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін жауапкершіліктің кең шекараларына ие.

Қазіргі талап бойынша  ҚР Білім және ғылым министрлігінің  құзіретіндегі, жауапкершілікке  алған саласы  келесі түрде ұсынылған: 880 800 баланы қамтыған 10 314 мектепке дейінгі ұйым; шамамен 3,1 миллион оқушыны қамтыған  7000 мектеп; 604 000 студент контингентті  125 университет; 479 000 студенттер мен жарты миллионнан астам мұғалімдер,оқытушыларды қамтыған  821 колледж. Тиісті өкілеттіліксіз  жауапкершілік талап ету-жақсы нәтиже көрсетпейтінін тәжірибе мен статистика көрсетіп отыр.

Осыған байланысты, басқа дамыған және көршілес елдердің (АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан, Польша, Сингапур және т.б.) тәжірибесіне сәйкес біз Білім және ғылым министрлігін екі министрлікке бөлуді ұсынамыз: ағарту министрлігі және жоғары білім және ғылым министрлігі. Бұл ең тиімді шешім болады деп ойлаймыз. Неге?

Себебі, бұл  Ағарту министрлігі  мектепке дейінгі, орта және кәсіптік білім беру мәселелеріне толықтай көңіл бөлуге мүмкіндік береді, ал Жоғары білім және ғылым министрлігі мемлекетте қағаз жүзінде бар, бірақ іс жүзінде жоқ университеттермен және ғылым мәселелерімен айналысады.

Бұлай  бөліну білім саласындағы   тәжірибелі сарапшылардың  тапшылығы  мәселесін  да жояр еді, яғни бұл салаға қарапайым мұғалім, мектеп директоры және қалалық бөлім бастығынан бастап университет  ректорына  дейінгі білімнің барлық негізгі  сатысынан өткен   мамандар келер еді.

Біз білім беру саясаты мен реформаларды қалыптастыруда жүйеліліктің, бірізділіктің  жоқтығын ел масштабындағы кең көзқарасқа ие кез-келген деңгейдегі мәселелер мен себептерді ажыратып, шешім таба алатын  басқарушылардың жетіспеушілігімен байланыстырамыз.

Мемлекеттік аппарат тек басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеті бар кадрлардан ғана құрылған болып қала берсе ешқашан алға баса алмаймыз.

Егер  дарынды балаларға арналған ең жақсы мектептерге мұқият назар аударатын болсақ, біріншіден, олардың барлығы мемлекет меншігінде, бір ауысымда, автономды, орталықтандырылмаған және қамқоршылар кеңесінде ұжымдық түрде басқарылатындығын байқаймыз. Автономия жинақтылықты қамтамасыз етеді және тез шешім қабылдауға мүмкіндік береді, ЖАО-ға тікелей бағыныштылық жоқ, бұл мұғалімдерді өздеріне сәйкес келмейтін функцияларды орындау үшін алаңдамауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, аталған мектептерде мұғалімдер кадрларына сапалы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады, бұл оқу нәтижелеріне әсер етеді. Еліміздің үздік мұғалімдері өздерінің біліктіліктері мен құзыреттерін арттыра отырып, осындай мектептерде жұмыс істеуге тырысады.

Үшіншіден, мұндай мектептерді қаржыландыру басқа орта мектептерге қарағанда бірнеше есе көп, бұл материалды-техникалық базаның сапасы мен білім беру ортасының әл-ауқатына әсер етеді.

Осы нақты мысалдармен  дәлелдей келе, егер біз шынымен қаласақ, мемлекеттік мектептерден де өз мұғалімдеріміздің қатысуымен  супер-кейстер жасай аламыз! Оң тәжірибесін бізге дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін  ірі мемлекеттік мектептердің басқа да жақсы  тәжірибелері  бар.

Осыған байланысты, НЗМ, РФММ, БИЛ тәжірибелерін қолдана отырып, біз біртіндеп елдің барлық орта мектептерінде осындай басқару жүйесін құруды және оларды тікелей Ағарту министрлігіне қайта бағындыруды ұсынамыз.

Мектептердің мемлекеттік мекеме болып табылатындығын және маңызды әлеуметтік рөлге ие екендігін ескере отырып, оларды басқаруда бұрынғы түлектер, ардагер-мұғалімдер, ата-аналар, мектеп ұжымы, құрылтайшының өкілдері және тәжірибелі мамандардың белсенді мүшелерін қамқоршылық кеңестер арқылы  тарту  қажет. Ұлыбритания мен АҚШ сияқты елдердің үлгісімен, мектеп директоры есеп беретін қамқоршылар кеңесіне нақты өкілеттік берілуі керек.

Басқарушы кадрларды конкурстық іріктеуді және мектеп басшыларын тағайындауды Ағарту министрлігі жүзеге асыруы абзал. Бұл білім беру ұйымдарының  басшыларының жауапкершілігін арттырады және кәсіби басқарушылардың, білім беру менеджерлерінің командасын құрады.

Барлық білім беру саласын қаржыландырудың айтарлықтай өсуінсіз ешқандай реформалар болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Сіздің назарыңызға бірқатар нақты бастамаларды ұсынамыз, оларды жүзеге асыруды қолдауыңызды сұраймыз.

 Бастама-1, білім беру секторы үшін мұғалімдер мен басқарушы кадрларды даярлау үшін жалақының өсуімен және мектептерге басқарушылық автономия берілуімен қатар мұғалімдер мен басқарушылардың біліктілігі мен құзіреттілігіне қойылатын талаптарды түбегейлі өзгерту қажет. Білім беру жүйесі математиканы әлемді түсінудің құралы ретінде, жаратылыстану ғылымдарын табиғи құбылыстарды түсіну пәлсапасы ретінде, ал әлеуметтік ғылымдарды позицияны талдау үшін қолдана алатын әлеуметтік дағдылары мен іргелі білімі бар түлекті дайындауы керек. Бұл дегеніміз, мұғалім мен мектептің  басты педагогы, ең алдымен, осы аталған барлық құзыреттерді өздері иеленуі керек.

Шындығында, қазіргі таңда  елдің әрбір екінші мұғалімі педагогикалық университетте оқыған және балаларға білім  беруге керек негізгі  базалық білімі мен  өзінің педагогикалық біліктілігін  растай алмады. Сондықтан біз педагогикалық кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыруға қатысты ескі тәсілді түбегейлі қайта қарауымыз керек.

Болашақ мұғалімдер елдің зияткерлік элитасына айналуы керек. Сондықтан, педагогикалық мамандықтарға іріктеу сапалы және бағдарланған жүйеде болуы керек. Мәселен, Сингапурда мұғалімдер даярлайтын университеттің бірінші курсынан бастап ең қатал конкурстық іріктеуден өткен әрбір студент Ағарту министрлігіне келісімшарт негізінде 1750 АҚШ доллар бастапқы жалақымен жұмысқа қабылданады. Оның осы саланың болашақ маманы ретінде даярлауы National Institute of Education ұсынатын мемлекеттің жеке серіктесі негізінде Министрліктің бақылауында болады. Үшжақты келісімшарт бойынша министрлік оқу мен жалақыны уақытылы төлеуге, педагогикалық институт маманды сапалы дайындауға, ал студент оқуын сәтті аяқтап,  Министірліктің жолдамасымен  Сингапур мемлекеттік мектебінде үш жыл бойы жұмыс істеуге міндетті. Біз келесі 15 жыл ішінде жалынды   мен көздері  жанып тұрған 300 000 мың  мұғалімдер мен 30 000 басқарушыларды дайындауды дәл осындай  жүйелі  жасауды ұсынамыз.

 Бастама-2, заманауи мектептердің құрылысы. Қазақстан тәуелсіздік  алғаннан бері  шамамен 1800 мектеп салынғанына қарамастан, қазіргі кезде барлық қала мектептері бала санының артуына байланысты  шамадан тыс жүктелген және 2 немесе 3 ауысымда жұмыс істеуді жалғастыруда, өкінішке орай, бұл әдеттегідей, солай болу керек сияқты  көрінеді. Елестетіп көріңізші, 11 жылдық мектепте баланың жартысы түстен кейін 14:00-ден кешке 19:30-ға дейін оқуға мәжбүр. Халықаралық зерттеулер мен практика жылдар бойына жалғасатын осындай күн режимінің балалар үлгеріміне, бағдарламаны игеру сапасына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне теріс әсер  ететінін  көрсетеді.

Мемлекеттік мектептердегі бала санының көбеюі мен орын тапшылығының негізгі себептеріне ЖАО құрылысының баяу қарқыны, мектеп құрылысының бәсекеге қабілетті ортаға берілмеуі, құрылыс-монтаж жұмыстары мен капиталды шығындардың қымбаттауына алып келетін жоғары санитарлық және құрылыс талаптары мен нормалары түріндегі кедергілер нарықтағы жеке инвесторлардың келуіне  тосқауыл  жасап отыр.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық схемаларының болуы, мемлекеттік сатып алу процестерінің шамадан тыс бюрократияға  жол берілуі, жергілікті  жердегі келісімшарттардың ұзаққа созылуы  жобаның қымбаттауына әкеп соғады. Салдарында уақытты жоғалтуға, мектеп құрылысының  сапасыз салынуына  әсерін тигізеді.

Бұл мәселені шешу үшін біз әлеуметтік бағыттағы инвесторлар мен меценаттарды тарта отырып, республика деңгейінде   әрқайсысы 1000-1500 орындық 3000 әлеуметтік мектептің құрылысын салу үшін барлық жағдайды жасауды ұсынамыз.

Атап айтқанда,  мектеп  құрылысына  3% арнайы жеңілдетілген несиелер бөлу, жергілікті билікпен  құрылысқа қатысты  міндетті түрде   байланыс  жүргізе отырып, мектеп құрылысына жер бөлу мәселелерін заңнамалық түрде реттеу керек. Бұл шаралар құрылыс қарқынын едәуір тездетеді және қысқа мерзімде, дәлірек айтсақ, 10 жылда елдегі 2 ауысымдық мектептер мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Табиғи ресурстарға бай біздің елде үлкен әлеует бар, біздің балалар лайықты жағдайда сапалы білім алуға құқылы.

Осы үндеуді аяқтай отырып, мен Кембридж университетіндегі өзімнің ғылыми жетекшім Э.Уилсонның сөздерін келтіргім келеді: «Елді елмен, адамды  адаммен теңестіретін шикізат немесе мұнай түріндегі байлық емес, білім мен зиялылық, және солардың іргетасында берік қаланып ғылымға негізделген экономика кез келген мемлекеттің өсіп өркендеуінің негізі».

Құрметті Президент! Біз Сіздің жағдайды өзгертіп, дамыған заманауи білім беру жүйесін құруға және қазақстандықтардың ақылды және бақытты ұрпағын тәрбиелеуге барлық мүмкіндіктерді жасай алатындығыңызға шын жүректен сенеміз. Сіз айтқан түбегейлі өзгерістерде  Сізді қолдауға дайынбыз!

P.S. Мен Президентке жақын адамдарды, сондай-ақ осы үндеудің артында тұрған және заманауи  білімнің  болашағын қолдайтын пікірлестерімді белгіледім.Сізге жететініне сенімім зор.

Досыбаев Нұрмұхаммед,
ұстаз, Кембридж Университетінің білім магистрі
Astana Garden School мектебінің құрылтайшысы

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version