-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми заңдастыру ұсынылды

Қазақстанда қашықтан оқытуды ресми түрде танылған білім беру формасының қатарына қосу ұсынылды.

Бұл ұсынысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы айтты.

«Білім берудің сапасын арттырып, әрі оны бар аймақта қолжетімді ету үшін қашықтан және онлайн оқыту технологияларын жүйелі түрде және кеңінен енгізу сұранып тұр. Соңғы 10 жылда әлем бойынша қарқынды дамыған бұл технологиялар өз тиімділігін дәлелдеді. Әсіресе, жаһандық карантин салдарынан жаппай қашықтан оқытуға көшу бұл әдістердің зор мүмкіндіктерін көрсетті. Әрине, мектеп және колледждерді, ЖОО-ны толық онлайнға өткізу міндеті тұрған жоқ. Бұл мүмкін де емес», — деп атап өтті спикер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

Дегенмен, әр оқушының жеке қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере алатын, сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыратын технологияларды білім беруге қазірдің өзінде енгізуге болады.

«Ол үшін алдымен қашықтан оқытуды Қазақстанда ресми түрде танылған білім беру формасы қатарына қосып, оны Білім туралы заңға кіргізу қажет деп ойлаймыз. Қашықтан оқыту технологиясын қолданатын оқу орындарына қойылатын әдістемелік және технологиялық талаптарды айқындап, оларға бөлек лицензия берген абзал. Бұл мәселе шұғыл шешілмесе, өз елінде отырып, шетелдік оқу платформаларын таңдайтын қазақстандық қашықтан оқушылар көбейеді. Қазірдің өзінде біздің есебімізше 30 мыңнан астам қазақстандық оқушылар иен студенттер қазақстандық бағдарлама, стандарт пен талапты мүлдем ескермейтін шетелдік онлайн мектеп пен университеттерде оқып жатыр. Бұл мәселеге қатысты ұсыныстар мен заңға енуі қажет толықтырулар мен өзгерістер жобасын министрлікке тапсырдық», — деді Р. Кенжеханұлы.

Бұған дейін Рауан Кенжеханұлы Қазақстан мектептерін бір ауысымда оқу режиміне көшіру жолдарын айтты және Қазақстанда ұлттық мектеп үлгісін жасауды ұсынды.

 

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...