Home Жаңалық Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

Қуанышты хабар, Шымкенттен QAZBILIM бөлімшесі ашылады.

0

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен Түркістан облысы халқы!

 4 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан нәтижелі білім ордасы Республикалық “QAZBILIM” орталығының Шымкент қаласы бөлімшесі ашылады.

Алғаш 2013 жылы наурызда ұрпақ тәрбиесі мен біліміне үздіксіз үн қосу мақсатында «Қазбілім» порталын (kazbilim.kz) ақпараттық, сараптамалық сайты негізінде, 2016 жылы ақпан айында ұлттық тәрбиені өзек еткен бағдарламалар негізінде өз жұмысын бастаған Республикалық “QAZBILIM” орталығы Шымкент өңірінен алғашқы бөлімшесін ашады.

 

Бүгінде республикаға танымал орталық үш бағытта қызмет атқарады:

  1. Қосымша білім беру (qazbilim.kz);
  2. Ақпараттандыру (kazbilim.kz);
  3. Оқу-әдістемелік құралдарын дайындау (kitap.qazbilim.kz).

 

Республикалық “QAZBILIM” орталығы Шымкент қаласы бөлімшесінің ашылу бағдарламасы

2020 жылы 29 қаңтар 15:00

Мұғалімдер конкурсы.

 

30 қаңтар 15:00

Ашылу салтанаты.

 

31 қаңтар 15:00

Мұғалімдерге арналған “Дарынды балаларды анықтау және олимпиадаға дайындау әдістері” тақырыбында ТЕГІН семинар-тренинг.

Қатысушыларға сертификат беріледі.

 

1 ақпан 10:00

5-6 сыныптарға арналған, Назарбаев зияткерлік мектебіне (НИШ) дайындық бағытындағы ТЕГІН (пробный) деңгейлік тест.

 

1 ақпан 14:00

10-11 сыныптар үшін ҰБТ-ға арналған тегін (пробный) деңгейлік тест.

 

1 ақпан 18:00

10-11 сынып оқушыларына арналған “Мамандық таңдау және болашақ” атты мотивациялық семинар-тренинг.

 

2 ақпан ашық есік күні

2 ақпан 18:00

10-11 сынып оқушыларына арналған “ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің 7 жолы” атты мотивациялық семинар-тренинг.

 

Тренер:

Республикалық “QAZBILIM” орталығы бас директоры, Еуразия ұлттық университеті PhD докторанты, ақын, блогер Аятжан Ахметжанұлы.

 

Жеңілдіктер:

1 ақпанға дейін тіркелушілерге 25% жеңілдік, деңгейлік тестілеу қатысушылары арасында жоғары балл жинағандарға 50%, 30%, 20% жеңілдік сертификаттары сыйға беріледі.

Барлық тренингке қатысу ТЕГІН.

Орын саны шектеулі. Алдын ала тіркелу міндетті.

 

Сабақ басталуы:

3 ақпан 09:00

Республикалық “QAZBILIM” орталығының Шымкент қаласы бөлімшесі директоры болып Бақытжанұлы Бауыржан тағайындалды.

Бауыржан Бақытжанұлы 1992 жылы 23 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласы №1 “Дарын” мектеп-интернатының 2010 жылғы түлегі.

Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия факультеті, “Органикалық заттардың технологиясы” мамандығы бойынша 2014 жылы бакалавр, 2016 жылы магистр, 2019 жылы PhD докторант дәрежелерін тәмамдаған, бүгінде диссертациясын қорғау алдындағы докторант.
Сонымен бірге, 2015 жылы Португалияның Nova De Lisboa университетінен және 2018 жылы Малайзия Сайнс университетінен білім жетілдірген.

Bauyrzhan Bakytzhanuly 2012 жылдан бері әр жылдары Алматы қаласы Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
Химия пәні бойынша бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың, «Химия мектебі» жобасының авторы.

Біздің мекенжай:

Шымкент қаласы, Асқаров көшесі, 38 үй, 3-қабат.

Байланыс: 8 701 761 8008, 8 747 761 8008.

Республикалық QAZBILIM оратылғы баспасөз қызметі.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version