27.07.2024

Мемлекет басшысы мектептер мен балабақшаларға толығымен видеокамера орнатуды жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына мектептер мен балабақшаларға толығымен видеокамера орнатуды жүктеді.

«Кейінгі жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шараларды қабылдау қажет. Осы мәселеге қатысты шетелдердің озық тәжірибесін қолдануға болады», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы өңір басшыларына биыл 100 пайыздық деңгейде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге бейнебақылау камерасын орнату жұмысын аяқтауды тапсырды. «Таразда болған оқиға – нағыз масқара» деді Мемлекет басшысы.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА