Home Білім жарысы Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

0

Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан.

Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды.

– Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте дарынды оқушы. Мен Диярды 7-сыныптан бастап олимпиадаға дайындап келемін, – дейді физика пәнінің ұстазы Назымгүл Кәрімова.

Дияр 2017 жылы қола медаль, 2018, 2019 жылдары алтын медаль иегері атаныпты.

Ол еліміздегі ең мықты 8 физиктің қатарына енген оқушы.

Ұстазы Назымгүл апайының айтуынша, Дияр еліміздің атынан Халықаралық физика олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.

Қазір Диярдың қолында Ресей жоғары экономика мектебі, Назарбаев Университеті, «Қазақ-Британ» университеттері берген гранттары бар. Және де IELTS халықаралық емтиханының нәтижесі бойынша да жоғарғы көрсеткішке ие, 8,0 ұпайды жинады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version