9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Парламент педагог мәртебесіне арналған заңды қабылдады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды.

Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы 21 баптан тұрады және жарты миллионнан астам ұстаздың жұмысына қатысты. Жалпы, заң жобасы төрт бағытты қамтиды. Біріншіден, ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстардан босату, олардың жүктемесін азайту. Екіншіден, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту. Үшіншіден, материалдық емес ынталандыру тетіктері, сондай-ақ төртіншіден, материалды ынталандыру қадамдары», — деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, бірінші бағыт — педагогтардың құқықтары бойынша бірнеше норма қарастырылған. Олардың барлығы мұғалімнің жеке дамуына және оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұғалімдерді артық жұмысқа, өзінің қызметіне кірмейтін жұмысқа тартуға, шамадан тыс есеп беруге, қағазбастылыққа, негізсіз тексеру жүргізуге тыйым салу арқылы жүктемені азайту бойынша жеке нормалар көзделген.

«Педагог мәртебесін арттыру оның қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуді қажет етеді. Осы орайда заң жобасына сәйкес, педагогикалық жұмысқа жіберілмейтін себептер де кеңейтілді. Бұдан бөлек, мұғалімдердің этика мәселелеріне де көңіл аударылып отыр. Әр білім мекемесінде әдеп бойынша кеңестер институты енгізіліп, жұмыс істейді», — деді министр.

А. Аймағамбетовтың айтуынша, мұғалімдердің балаларына балабақшаға бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырып отыр. Барлық педагог қызметкерлер алдағы уақытта 56 күндік демалысқа шыға бастайды.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде жұмыс істейтін педагогтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алу үшін басымдық берілмек. Білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін ер азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру нормасы да қарастырылған. Бұның алдында осы норма ауылдық жерге қатысты болса, қазіргі уақытта бұл норма кеңейтіліп отыр.

«Мемлекет басшысының Тамыз конференциясында берген тапсырмасының аясында төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есе артады. Бұл тұрғыдан алдағы қаңтар айынан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға өседі. Депутаттардың қолдауымен осы бекітілген бюджетте тиісті қаражат қарастырылған. Біз осы жұмысқа қаңтардан бастап кірісуге дайынбыз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Белгілі болғандай, оқу орындарының мұғалімдеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы енгізіледі.

Айта кетейік, Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы да екі оқылымда қаралып, қабылданды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...