9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Білім сапасын көтеру үшін мұғалімге жағдай жасауымыз керек – Бердібек Сапарбаев

Ертең Сенаттың жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қабылдануы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

«Мемлекет басшысының берген тапсырмасы бар. Ең негізгісі біз білімнің сапасын көтеруіміз керек. Ол үшін біріншіден, мұғалімдерге жағдай жасауымыз керек. Екіншіден, білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуымыз қажет. Ал ол үшін қазіргі таңда 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама Үкімет тарапынан бекітілді», — деді ол.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, мұғалімдердің жалақысы қаңтар айынан бастап орта есепен 25-30 пайызға өседі. 4 жылдың ішінде 2,5 есе артады. Ал Үкімет қабылдаған, бекіткен бағдарламаның арқасында мектепке дейінгі жастағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылады. 2025 жылға дейін үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептердің барлығы жойылады. Мектептер 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етіліп, интернаттар ашылады, қосымша спорт залдар салынады.

«Өздеріңіз білесіздер, қазір Сенатта мұғалімдердің мәртебесі жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша ертеңгі отырыста ол қабылданатын шығар. Одан кейін Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі», — деді Бердібек Сапарбаев.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...