Home Жаңалық Оқушы бала 9 жасар қызды педофилден аман алып қалды (видео)

Оқушы бала 9 жасар қызды педофилден аман алып қалды (видео)

0

Иркутск қаласында 9 жасар қызды көлігіне күштеп отырғызған ер азамат ұсталды. Оның қылмысына сол жерде кетіп бара жатқан жасөспірім куә болып, қылмыскерге төтеп берген.

48 жастағы жүргізушіге жеткіншек қызды күштеп Toyota Vista көлігіне отырғызып, оны зорламақшы болған деген айып тағылды. Педофилдің бұл әрекетін 16 жастағы бозбала байқап қалыпты. Ол қыздың жан айқайын естіп, жақын арада тұрған ер азаматты көмекке шақырған. Артынша екеулесіп жатып, олар қызды қылмыскердің құрығынан құтқарып алады.

Арам ойын іске асырмақшы болған ер адам қашып кетіпті, алайда біраз уақыттан соң полиция қолына түскен. Оның 2017 жылы наурыз айында түрмеден босатылғандығы анықталыпты. 2001 жылдан бері ол зорлық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылыпты. Алдағы уақытта қылмыскер 5 жылдан 12 жылға дейін абақтыға қамалуы мүмкін.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version