14 C
Нур-Султан
23.06.2021

Депутат білім және ғылым министрлігіне шүйлікті

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы соңғы кездері басы даудан арыла алмай жүрген білім және ғылым министрлігіне шүйлікті – деп Қазбілім ақпарат агенттігі хабарлайды, sputnik -ке сілтеме жасап.

«Білім және ғылым министрлігі – ықылым заманнан бері киелі орта, қасиетті орта. Алайда, өкінішке қарай, соңғы кезде министрлік білім және ғылым салаларының алдында тұрған үлкен міндеттерді шешудің орнына өзара қақтығыстардың объектісіне айналған сияқты», – деді сенатор вице-премьер Бердібек Сапарбаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Сенатордың сауалына бір ай бұрын білім және ғылым министрлігі әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекованың Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университетінің ректоры болып тағайындалуы себеп болды.

Депутаттың мәлімдеуінше, Қайырбекова департаментті басқарған жылдары оған қатысты 16 іс қаралған. «Барлық шағым мен заңды бұзу процестері қазіргі уақытта аяқталды ма? Немесе шағымдар қазіргі күнге дейін сотта қаралып жатыр ма, әлде бұл адам толық ақталды ма? Жоғарыда баяндалған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге қарамастан, мұндай тұлғаны университеттің басшылық лауазымына тағайындау қаншалықты заңды және қаншалықты әдеп нормаларына сәйкес келеді?», –  дейді Бақтиярұлы.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...