1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Білім беру бөлімінің басшысы пара алу күдігіне ілінді

Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің және орта білім беру мектептерінің ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 1 млн 960 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, БҚО Полиция департаментінің Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінде.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...