Home Жаңалық БҒМ: Басты бағыт – Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін орта мектептерге енгізу

БҒМ: Басты бағыт – Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін орта мектептерге енгізу

0

Елордада өтіп жатқан «Мектеп әлемін өзгертетін – ұстаздар» конференциясында еліміздегі жалпы мектептер болашақта Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесімен жұмыс істейтіні айтылды,.

Мұғалім мәртебесін көтеретін нағыз мұғалімдер екеніне тағы бір көзіміз жетіп отыр. Еліміздің болашағы осындай ұстаздардың қолында», – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каримова.

Ол ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан бұл конференция бүгінгі күні білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылайтын бірден-бір инновациялық алаң болып отырғанын айтты.

« Қай заманда болса да, білім, мәдениет және құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тек қана мұғалім екені түсінікті. Бүгінгі күні білім саласындағы басты стратегиялық бағыттардың бірі – Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептерге тарату. Осы істі атқарып отырған барлық әріптеске алғыс айтқымыз келеді», – дейді ол.

Күн тәртібіне бүгінгі таңда әлемдегі барлық педагогтарды толғандыратын «мұғалім – оқушы» серіктестігі, жаһандық құзіреттілік, мұғалімдердің үздіксіз білім алуы, білім мазмұны мен бағалау, қолайлы білім беру ортасын құру сияқты өзекті мәселелер енгізілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада «Мектеп әлемін өзгертетін – ұстаздар» атты ХІ халықаралық конференция өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version