9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Бірыңғай мектеп формасы – зайырлы қоғам талабы

Бүгінде Қазақстанның әр аймағында орамал таққан оқушылардың ата-аналары жиі наразылық білдіретінін байқап жүрміз.

Алайда, билік бұл тенденцияларға шектеу қойып жатыр. Себебі, мектеп формасын киіп жүруге қойылған міндет білім берудің зайырлы сипатын іске асыру қажеттілігінен туындап отыр.

Мектеп формасының өскелең ұрпақтың жүріс-тұрысына, денсаулығына, жалпы дамуына тигізетін оң ықпалы зор болғандықтан, мектеп формасын киюге ғана емес, сол мектеп формасының өзіне де тиісті талаптар көзделген. Мұндай талап жас ұрпақтың мүддесі тұрғысынан әбден зерделеніп, елеп-екшеп барып қойылып отыр.

«Бірыңғай мектеп формасының талаптары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» № 319 заңының нормаларынан туындап отыр. Осы заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді. Осылайша мектеп формасы еліміздің орта білім беру ұйымдарында киюге міндеттелген оқушылардың бірыңғай киім үлгісі болып табылады», — деді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті философия кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық құқық магистрі, философия магистрі Ерболат Қошқарбаев.

Бұл жерде ең алдымен форманың «сапалы» болуы басты назарға алынып отыр. Материалының сапалы болуы, ондағы мата құрамы: жақсартылған жартылай жүн және мақта болуы, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылуы керек екендігі түгел ескерілген. Бұл оқушының денсаулығына да оң әсер етеді әрі мұндай формалар классикалық стильде болғандықтан оқушының қимыл-қозғалысына өте ыңғайлы. Сондықтан да, мектеп формасы тігілетін маталардың сертификаты болып, олар санитарлық ережелер мен нормаларға сай келуі тиіс. Ассортименті бай формалардың түрін, пішінін, фасонын таңдау оқу орны басшыларының ғана құзырында емес, оған қоғамдық кеңестер де, яғни мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті де қатыса алады. Осылайша, ата-аналардың, басқа да заңды өкілдердің мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысып, керек кезінде оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізе алатындықтары да қарастырылған.

Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалу керек екені де белгіленген. Осы тұрғыда елімізде негізінен қара-көк түсті формалар қабыл алынған.

«Бұл түстің астарында бозарып атқан таңғы аспан жатыр. Қара-көк, жалпы көк түс біздің ғана емес көптеген халықтардың сенімінде зеңгір көк пен мәңгіліктің, тазалықтың символы ретінде түсініледі. Тұрақтылық пен адалдық та осы түспен байланыстырылады. Эстетикалық жағынан да ұнамды, әдемі», — деді маман.

Тіпті психологтардың өзі қара көк түсті баланың зейінін жинақтауға оң әсер ететінін айтты.

«Әлбетте, социумдағы бала бұл формада өзін жайлы сезінеді. Білім және ғылым министрлігінің талабында көзделгендей мектеп формасы білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған. Жалпы алғанда, мектеп формасының әлеуметтік-тәрбиелік мәні зор. Форма оқушыларды тәртіпке, рухани-адамгершілік жетілуге баулып, іскерлікке ынталандырады, балалардың бір-бірімен тең болуына, өзін басқалармен бірдей сезінуіне, тиянақтылық пен ұқыптылыққа, жинақылық пен тазалыққа, жауапкершілікке, сымбаттылыққа, қала берді имандылыққа бағыттайды», — деді Ерболат Қошқарбаев.

Ал мамандар ата-аналардың діни себеппен мектеп формасын діни атрибутикаға ыңғайлап алуы ең алдымен оң мен солын танып үлгермеген балаға әлеуметтік әрі психологиялық соққы болып табылатынын ескертеді.

«Мұндай жағдайдағы оқушы өзін алабөтен оқшау сезінеді, дискомфорт күй кешеді. Қоғамда жүріп қоғамнан тысқары қалады. Бұл жағдай баланың ата-анасы тарапынан балаға келтірілген ыңғайсыздық қана емес, білім заңнамасын орындамады деп саналады және баланың ата-анасын әкімшілік жауаптылыққа алып келеді. Жоғарыда аталған министрлік бұйрығымен бекітілген талаптардың 13-тармағында «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтыны» белгіленсе, 21-тармағында «Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді» деп нақтылы көрсетілген. Ата-аналардың бұл талаптарды бұзуы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 409-бабының 2-тармағында көзделгендей ескерту жасалады немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады. Себебі, ата-ана әу баста баласын мектепке орналастырарда жоғарыда аталған талаптың 27-тармағында көзделгендей білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш толтырғанда талаптарды сақтайтыны туралы міндеттеніп қол қойды емес пе. Сондықтан, ұрпақтарымыздың тең негізде жетіліп, оқшау қалмай, «арамызда» тәрбиеленуі басты шарт!», — деді Е.Қошқарбаев.

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...