26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектепте «Қазақ әдебиеті» пәнін 5-10 – сыныптарда оқытудың өзекті проблемасы

Қазақ әдебиетін мектепте оқытудың әдістемесі жасалған. ЖОО –дағы болашақ педагогтар онымен толық танысып, терең білім игеріп шығады. Ұлттың жаны болатын қазақ әдебиетін оқыту теорияға қарағанда тәжірибелік жағынан алғанда басқа қырынан танылатыны да рас. «Қазақ әдебиеті» пәні жалпы білім беретін мектептерде білім «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сай Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда тіркелді) бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары (Ы.Алтынсарин атындағы иниституты ұсынады) негізінде тақырыптық күнтізбелік жоспар барлық сыныптарда жасалынып оқытылады. Әдебиет – сөз өнері. Адам жүрегін тербетіп, ақылын таразылап, тілін кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады.
Сол өнерді қалай оқытып жүрміз? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Әдебиетті оқытуда әдіс-тәсілдер мол-ақ, бұрыннан келе жатқан дәстүрлі зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұнына сай жүзден астам тәсіл сабақтарда кеңінен қолданылады. Мектепте «Қазақ әдебиеті» пәні көркем әдебиетті, әдебиет тарихын, әдебиет теориясын, әдебиет сынын қамтиды. Жағартылған білім мазмұны бағдарламасы да осыған негізделген. (1-сурет)

Жоғарыда айтылған «Стандарт» пен «Бағдарламаға» сәйкес оқулықтар жасалған. Сөзім нақты болу үшін 5-сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығынан мысал келтірейін, 5-сыныпта аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат оқытылады.
1. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша мынандай оқу мақсаттарынан тұрады:
1) Түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну, әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану, көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстер мен үндестіру;
2) Анализ және интерпретация: әдеби шығарманың әртүрлі композиция лық ерекшеліктерін талдау, автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі, шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу, көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу, қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;
3) Бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау, көркем шығармадағы көтерілген мәселе лердің жаңашылдығына баға беру, шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу, ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазу.
Бұл сыныпта оқуға қамтылған шығармалар «Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімінде «Керқұла атты Кендебай», «Қобыланды батыр», «Асан қайғының жерге айтқан сынын» оқиды. «Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімінде Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі, Ы Алтынсариннен «Қыпшақ Сейітқұл» шығармалары оқытылады. Оқу мақсаттары:
5.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
5. Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
5. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
5. А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу
5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.
5.Б/С3.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
5. Б/С2.5 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
5. А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау;
Бұл жерде біз алдымен көркем шығармамен танысамыз,берілген бір үзіндіні оқимыз да әрі қарай талдауға көшеміз. Аптасына 3 сағат берілген соң, оқушы оқулықтағы әр жерден алынып, берілген үзіндіден ұққанына қарай талдайды, әрине, мұғалімнің көмегімен. Мақсат орындалғандай болады. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру» -деген болатын әдебиет зерттеуші, ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев. Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек. Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние. Қандай жақсы көркем шығарма болса да оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз. Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолданады. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
— көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу. Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендіруде төмендегідей қағидалар басшылыққа алынғанын білеміз.
— Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру
-Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.
-Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек.
Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе — өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында.
Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асыруы, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі жүзеге асырылады.

Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек :
-Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
-Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
-Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
-Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек. Енді 6-сыныптытың қазақ әдебиеті пәніне тоқталайыық: Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба», «Бірінші сөз», «Жетінші сөз» «Отыз бірінші сөз» шығармаларын оқытуға төмендегідей оқу мақсаттары қойылған:
6.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
6. А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау.
6.Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
6.Б/С4.Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау.
6.Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
6.А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
6.Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
6.Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
6.А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
6.А/И4.Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу;
6.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
6.Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.А/И1. Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
6.Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
6.А/И2.Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай бағдарлама мақсаты, көркем әдебиеттің мазмұнын меңгеруден гөрі теориялық талдау жасау жағын молынан қамтыған. Бұл мақсаттар көркем мәтінді толық оқытудан гөрі, оқушыны өзге пікірді қабылдауды көздейді. Әрине, ғалымның пікірі құнды. Бірақ оқырманның көркем туындыдан алатын әсері қашан қалыптасады. 6-сыныпта оқитын баланың ұғымы осыны қабылдауға әзір ме?!
10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Жылына 102 сағат, аптасына 3 cағат) дәл осы тақырыптар мен мақсаттар қайталанады, одан әрі дамытылады. Бұл сыныпта Абайдан «Сегіз аяқ» өлеңі, «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Он жетінші қарасөзі», «Отыз екінші қарасөзі», «Отыз үшінші қарасөзі», «Ескендір» поэмасы, «Әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтар» деген тақырыптар берілген. Оқу мақсаттары:
­ 10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;
­ 10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;
­ 10.1.2.1әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
­ 10.1.4.1. көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;
­ 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау;
­ 10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру
­ 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
­ 10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;
­ 10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу
­ 10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
­ 10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
­ 10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру
­ 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
­ 10.1.4.1. көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;
Оқу материалы мен оқу мақсаттарына қарап отырып, игерілетін материалдың оқушы ұғына қаншалықты сай екендігіне ойланып қаласың. Мазмұн мен идеяны меңгеретін шығар, ал қалған талдаулар болашақ журналист, әдебиет пен тіл маманы болатын оқушыға ғана қажет екені анық, ал алдына ондай мақсат қоймаған оқушыға артық жүк екені рас. Материалдың мұндай күрделі болуы көпшілік оқушыны құр жаттауға итермелейді. Мұның аты – білім негізін түсінбеу деген сөз. Ал жеңіл материалдың тез ұмытылу да мүмкін. Себебі – оны оқушы оңай игереді де, кейін оған оқушы көп назар аудармайды. Бұл сияқты көріністермен күресуде көптеген әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Оқушы білімінің тиянақты болуы, түсінігінің дұрыс қалыптасуы үшін жаңа сабақты түсіндіру процесінде оларды үнемі тартып, әрекетке араластырып отыру қажет.
9,10,11-сыныпта «Қазақ əдебиеті» деген оқулық əңгіме, хикаяттан бастап, аты шулы романдар, диалогия, трилогияларды, драмалық жанрларды, поэма, дастандарды, жырлар мен айтыстарды түгел қамтиды. Былай қарағанда бəрі дұрыс сияқты, бірақ осы пəнді оқыту үрдісі мектептегі оқушының сөздік қорын дамытуға қаншалықты үлес қосады?! Отыз жыл сабақ берсем де, өзегімді өртейтін бір өкініш бар. Оқушыларым сол көркем шығарманың өзін, түп негізін оқымайды. «Отыз жыл сабақ беріп, енді неге оқыта алмай отырсың?» деген сұрақ көкейлеріңізде тұрғанын білемін. Бір сөзбен айтқанда, бағда рлама да оқулық та тек теорияға негізделген. Оны игеру үшін көркем шығарманың өзін оқып, негізінен нәр алу керек. Әр сабақта көркем шығарманы ғалымдардан кем талдамайтын оқушылардың ойында бірде бір жазушының, не ақынның бейнесі қалмайтыны қалай? Бұл аз ғана уақытта көп нәрсені оқытудан шығып отырған жоқ па?! Ары бармай-ақ, мынаған көз жүгіртейік. 1980 жылдары 5-сыныпта қазақ тілі мен əдебиеті пәнін аптасына 8 сағат берілді: қазақ тілі 5 сағат, қазақ әдебиеті 3 сағат оқытылды. Оқыту әдебиеттік оқуға негізделді, бала ұғымына сай ғана талдаулар жасалды. Ал қазір 5-сыныпта 5 сағат оқытылады, оның 3 сағаты қазақ тілі, 2 сағаты əдебиет. Сол 2 сағатта көркем əдебиетті емес, əдебиеттің тарихы мен теориясын және әдебиет сынын оқытып кеттік, стандарт та, бағдарлама да, оқулық та соған негізделіп жасалып отыр. «Əдебиет»дейтін ғылымның көркем əдебиет, əдебиет теориясы, əдебиет тарихы, əдебиет сыны деген салаларын түгел осы 2 сағатта қамтитын болдық та, көркем əдебиет ысырылып шетте қалды. Əр аптадағы қазіргі 80 минут оқушыға не береді?! Қазіргі баланың өздігінен көркем шығарма оқымайтыны бəрімізге белгілі. Əр жыл сайын қазақ балаларының туған əдебиеттің нəріне қанатын уақытын неге қысқартып жатырмыз? Балаға таза көркем туынды оқытатын уақытты мектеп бағдарламасына енгізетін күн туа ма? Бұрынғы 80 жылдардағы 8 сағаттың 2 сағатын орыс тілі мен ағылшын тіліне үлестірдік. Сабақтан кейін түрлі спорттық үйірмеден(баскетбол,воллейбол,күрес,дзю -до,картэден) шықпайтын балаларға дене қимылы қажет деп, тағы осы пəндердің есебінен 1 сағат үлестірдік. Себебі ағылшын тіліне, орыс тіліне, дене шынықтыру пəндерінің сағаты көбейтілгенімен, оқу жоспарына артық сағат қосылған жоқ. Қосылған сағаттар қазақ тілі мен əдебиетінің бұрынғы 8 сағаттық апталық сағаттарын қысқарту есебінен жүрді. Ал, бүгінгі бала рухани жүдеулікке ұшырады десем артық айтпаймын. Енді аздан соң, бар ақыл — ойынан тоналғандарды отызында бесікке таңып отырмасақ жарады. Осы келеңсіздікті жою үшін мектептің оқу жоспарын қайта қарап, оқу жоспарына «Көркем əдебиет» пəнін енгізіп, бағдарлама жасау керек-ақ. Біз мектепте көркем əдебиетті емес, əдебиет тарихын, əдебиет теориясын, əдебиет сынын оқытып жүрміз. Өйткені «Көркем əдебиет» пəні оқу жоспарында жоқ, бағдарламада да жоқ, оқулықтар тек теорияңа негізделіп жасалған. Бұл бағдарламаның оқу мақсаттары тек арнаулы тереңдетілген мектеп пен мектеп лицейлерінің оқушыларына лайықты. 2,3,4-сыныптарда да бұл бағдарламаны меңгеретіндей негіз жасалмаған. Қала оқушыларының ойы орысша, тілі қазақша екенін ескерсек, 5-сыныпқа келеген оқушы кең көлемді шығармаларды 40 минутта ежіктеп оқып үлгермейді. Сөздік қоры аз болғандықтан, көркем туындының мазмұнын да меңгере алмайды. Олай болса, біздің алдымызда бірнеше міндет тұр:
1. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай мектептің оқу жоспарына «Көркем әдебиет» пәні енгізіліп, бағдарламасы жасалуы керек
2. «Қазақ әдебиеті» пәні 2,3,4-сыныптардан оқытылып, ертегі, аңыз,мақал – мәтел, шағын көлемді әңгіме (Ы. Алтынсарин әңгімелері) жанрын қамтыған, тек мазмұнға құрылған, тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларымен жасалуы керек (теориясыз, тек мазмұн, сөздік қор, кейіпкер)
3. 5-6 сыныптың жас ерекшелігіне қарай ертегінің түрлері, аңыз, шағын көлемді хикаяттар, өлеңдер көркем мәтін мазмұны, оқиға желісі, жоспар құру;
4. 7-8 сыныптарда көлемді әңгіме, хикаят, тарихи жырлар мен эпостық жырлар
5. 9,10,11 сыныптарда қазақ әдебиеті туындыларын кезең-кезеңімен көркем мәтін және теория (тереңдетілмеген), әдеби сынды алуға болады. Оқу мақсаттары да соған негізделуі керек.
Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру. «Білім-дүниенің ең үлкен қазынасы» екенін ескерсек, баланың көркем әдебиетті оқып, өзі талдап, өзі ойлауына, өзі шешім шығаруына жағдай жасайық.

Әдебиеттер:
1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.
2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000 ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.
7. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту. Мектеп баспасы,2000 ж

Нусупбекова Мейрамгүл Барқазатқызы – Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары санатты, шебер-педагог

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...