26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Дамир Сұрағанов: Білім беру сапасын жақсарту – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе

Білім беру сапасын жақсарту – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе. Бұл пікірді Ақмола облысының Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейінің директоры Дамир Сұрағанов білдірді.

Біз, педагог мамандар Мемлекет басшысының Жолдауын жыл сайын асыға күтеміз. Биылғы жылғы Жолдауда да ерекше құштарлықпен тыңдадық. Себебі, Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың санасында жүрген барлық мәселелердің шешімін көрсете алды. Мемлекет басшысы білім саласына ерекше назар аударды. Өйткені, білім беру сапасын жақсарту – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі екендігі бәрімізге аян.

Президенттің: «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметі күшейеді, ұлттық қор болашақ ұрпақ үшін жұмсалуы қажет», – деген құнды пікірлерін Жолдаудың басты басымдықтары ретінде танимыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Әл-Фараби, ұлы Абайдың мерейтойларын атап өту арқылы ұлттық құндылықтардың дәріптелуі де отаншылдық идеясының маңыздылығын арттыра түседі деген ойдамыз. Осы орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бұл айтулы мерейтойларды атап өту арқылы оқушылардың бойында ұлттық идеологияны дарыту біздің басты міндеттеріміздің бірі», — дейді Дамир Сұрағанов.

Сонымен қатар, ол Президент тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тағы да еске салды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз. Бұл жағымды жаңалық мұғалімдер тарапынан қызу қолдау тауып қана қоймай, сонымен қатар, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер жүктейді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында білім сапасын жақсартуға басымдықпен көңіл бөлуді тапсырды. Расында да, соңғы кездердегі деректерге сүйенсек, мектеп бітіріп шыққан түлектердің көбі жоғары оқу орнына түсе бермейді. Ізінше жұмыссыздар санатын толықтырады. Республикамызда отандық өндірісті дамытатын тұлға – жастар. Сол себепті өнеркәсіп саласы мамандарына елде сұраныс көбейіп келеді. Сондықтан, жастарымыз келешекте бәсекеге қабілетті, заман талабымен үйлесімді іс таңдауы үшін кәсіптік бағдар жұмысын мектеп қабырғасынан бастағанымыз абзал. Яғни, осы сала мамандары шет елден тартылмас үшін қазақстандық жоғары оқу орындары мен арнайы техникалық колледждер оқуға қабілетті, техникаға бейімді талапкерді өздері грантпен оқытқаны дұрыс. Біздің Щучинск қалалық №7 мектеп-лицейі түлектерінің де басым бөлігі жыл сайын университетке, институтқа грантпен қабылданып жатады. Ал, өнеркәсіп саласы мамандықтары бойынша грант көбейсе, тіпі жақсы болар еді», деп түйіндеді Дамир Сұрағанов.

 

Автор: Аслан Оспанов

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...