Home Жаңалық «Мамандық және Болашақ» атты мотивациялық семинар-тренинг өтеді

«Мамандық және Болашақ» атты мотивациялық семинар-тренинг өтеді

0

Құрметті ата-аналар!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Баланың ертеңі үшін алаңдаған әрбір ата-ана, «Болашақта қандай мамандық иесі боламын?» деп бір шешімге келе алмай дағдарып жүрген 10-11 сынып оқушылары!

Сіздер үшін Республикалық «QAZBILIM» орталығының ұйымдастыруымен келелі кеңеске толы керемет кеш қыркүйектің 14 жұлдызы, сағат 14:00-де «Мамандық және Болашақ» атты мотивациялық семинар-тренинг өтеді.

Спикерлер:
♦️Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, Гарвард университетінің түлегі, «Мазмұндама» қорының төрағасы, журналист — Шыңғыс Мұқан @shyngys_muqan
.
♦️«BTS Digital» білім беру орталығының басшысы, «Жаңа мамандықтар Атласы» жобасының жетекшісі — Саясат Нұрбек @sayasatnurbek
.
♦️«Хабар» телеарнасы, интернет бөлімінің шеф-редакторы, журналист, блогер, медиалектор — Өркен Кенжебек @orkeni
.
♦️Республикалық QAZBILIM орталығы директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты, ақын, блогер — Аятжан Ахметжан @aiatjan

Мотивациялық тренингтің мақсаты — мектеп оқушылары мен ата-аналарға мамандық таңдауда қателеспеудің жолдарын түсіндіру, түлектердің табысқа толы жолының баспалдағын дұрыс басуға бағыт-бағдар беру.
.
Алқалы жиыннан қапы қалмау үшін алдын ала тіркелуіңіз қажет. Орын саны шектеулі.
.
‼️Орталығымыздың оқушылары семинар-тренингке тегін қатысады. Сырттан қатысатын оқушылар үшін 4000 теңге, ал, үлкендер үшін 8000 теңге.
.
📍Өтетін орны:
Нұр-Сұлтан қаласы,
Момышұлы даңғылы 5.
Оқушылар сарайы.
.
📲Байланыс нөмірі: 8707 831 8008. (Әсем)

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version