20.05.2024

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды, – деп хабарлайды Қазбілім порталы.

Бұл туралы Мемлекет басшысы мұғалімдердің тамыз конференциясында айтты.  “Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын”, – деп тапсырды Президент.

Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА