Home Керекті кеңес Қазақстандықтар әлемнің 500-ден аса университетінде тегін білім ала алады

Қазақстандықтар әлемнің 500-ден аса университетінде тегін білім ала алады

0

Қазақстандықтар әлемнің көптеген елдерінде тегін білім ала алады. Бұл туралы Қазбілім «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.

«Еуропаның 435,  Азия елдерінің топ 30-ға жуық, Беларусияның 7, Ресейдің 84 университеттерінде тегін білім ала алады», — делінген орталық хабарламасында.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шетелдік білім беру орындарымен тығыз қарым –қатынас жасайды. Осындай ерен еңбектің арқасында жыл сайын әлемдік деңгейдегі серіктес жоғарғы оқу орындарынан Қазақстан студенттері үшін арнайы гранттар бөлініп келеді.
Қазіргі кезде АҚШ, Ұлыбритания, АвстралияЧехия, Греция, Франция, Венгрия, Турция,  Финляндия, Испания, Литва, Латвия, Израиль, Польша, Норвегия, Германия, Италия, Словакия. Азия елдерінен: Оң түстік Корея, Малайзия, ҚХР, Жапония, Индия, Сингапур, Таиланд, сонымен қатар ТМД елдері көптеген гранттар бөліп отыр.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version