12 C
Нур-Султан
10.05.2021

«Көктемгі» ҰБТ: 20 мыңға жуық түлек шекті деңгейден өте алмады

Білім және ғылым министрлігі төрт рет өткізілетін ҰБТ-ның «көктемгі» қорытындысын жариялады.

Министрліктің хабарлауынша, талапкерлер үшін жазғы тестілеуден бөлек Ұлттық бірыңғай тестілеуді қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсыру мүмкіндігі берілгені мәлім. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез-келгеніне қатысып, шекті бал жинау жеткілікті. Ал, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет.

«Еліміз бойынша 27-29 наурыз аралығында тестілеу өткізудің 133 пунктінде «көктемгі» ҰБТ болып өтті. Тестілеуге 78 133 адам қатысты, бұл көрсеткіш тестілеуге қатысуға өтініш берушілердің 97,6 пайызын құрады (оның ішінде 61 367 (78,5 пайызы) қазақ тілінде, 16 515 (21,1 пайызы) орыс тілінде және 251 ағылшын тілінде тапсырды). Шекті деңгейден өткендер саны — 58 317 (74,6 пайыз), шекті деңгейден өте алмағандар саны — 19 816 адам (25,4 пайыз). «Көктемгі» ҰБТ-ның ең жоғары балы — 138. ҰБТ нәтижелеріне сәйкес, бес пән бойынша орташа бал 70,5 балды құрады», — деп хабарлайды министрліктен.

ҰБТ-ның өткізу ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 235 адам шығарылған. Ал, тестілеуге қатысқан 14 мүмкіндігі шектеулі жан үшін мемлекеттік комиссия шешімімен жеке аудиториялар және арнайы көмекшілер бөлінген.

«ҰБТ қатысушыларының көп бөлігі, атап айтсақ 23 691 адам (30,3 пайызы) «Математика-Физика» бейіндік пәндер комбинациясын таңдап алса, ал 15 596 (20,0 пайызы) тестіленуші «Химия-Биология» комбинациясын таңдаған. Ал, ең аз таңдалған пәндер комбинациясы «Химия-Физика» — 225 адам. ҰБТ қорытындысы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға тестілеудің мазмұны бойынша келіп түскен өтініштердің бірде біреуі қанағаттандырылған жоқ», — делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн, мемлекеттік білім беру грантын иеленуге үміттенген талапкерлер 2019 жылғы маусым айында өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, наурыз айындағы тестілеуде шекті бал жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады. Осылайша, наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін қосымша мүмкіндік беріп отыр.

«Сондай-ақ, 2019 жылғы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалады. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді», — деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметінен.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Асхат Аймағамбетов. Біз балаларымыз үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан пунктердің біріне барып, талапкерлермен әңгімелесті. Бұл туралы ол өзінің ФБ әлеуметтік желісінде...

Мектептердегі карантин талаптарының бұзылуы: 312 тұлғаға 29 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда бірқатар мектепте маска режим сақталмаған, арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ бактерицидтік...

Баланы мектепке қай жаста берген жөн — фин ғалымдарының зерттеуі

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында дүниеге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады. Турку университетінің...

Үкіметтен бір тиын сұрамай, ауылында көпір салуға бас-көз болған мұғалім

Бүгінгі кейіпкеріміз – Үржар ауданы Көктал ауылының тұрғыны Ақат Рақышев. Оның есімі биылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында кеңінен танылды. Ауылдағы мектепте көркем еңбек...

Қошке Кемеңгерұлы. Жат тіл оқыту әдісі

Тіл оқыту әдістері толып жатса да, ең жақсы әдіс туралы мәселе дұрыс шешілген жоқ. Сонда да тіл оқыту әдісін қарастырушылар негізінде екіге бөлінеді. Бірінші ағымдағылар...