Home Жаңалық Мұғалім мен директордың арасындағы сот отырысы өтті

Мұғалім мен директордың арасындағы сот отырысы өтті

0

Кеше, Ақмола облысы Целиноград ауданыдық сотында Ақмола облысы Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылы, №24 Жалғызқұдық орта мектебінің директорының үстінен мектеп мұғалімі, Медет Байзақовтың  «Жұмыстан шығару туралы бұйрықпен қатаң сөгістердің күшін жою және еңбекақысын өндіру» ісі бойынша талап арызы қаралды.

Екі сағатқа созылған сот отырсында біраз мәселе қозғалды. Талапкердің сөзіне сенсек, мектеп директоры оған 2018/19 жылғы оқу маусымында жарты ставкамен (9 сағат) жұмыс берген. Басқа сағат болмаған соң амалсыз келіскен. Тоғыз сағат аптаның алғашқы үш күніне бөлініп берілген. Қалған күнде бос. Оқу маусымы басталған соң бірінші сенбіде денсаулық күні деп барлық мұғалімдерді шақырғанда Медет те барады. Екінші сенбіде жұмыс күні болмаса да тағы жұмысқа шақырды. Бірақ, дәл сол күні оның қызы ауырып, емханада болады. Қарбаластықтан мектепке ескерте алмадым-дейді Медет. Бұл 15 қыркүйек болған оқиға. Ал 17 қыркүйек  дүйсенбі емханадан анықтама алып барсам, сыртымнан бұйрық шығарып, қатаң сөгіс жариялап, жұмыстан босатып жіберген дейді.

Ал, мектеп директорының айтары басқа болып шықты. Медет мектеп қабырғасында бірнеше рет дөрекі іс-әрекетімен көзге түсіп ауызша және жазбаша түрдегі ескертулер жасаған. Бірақ ол барлық ескертулер мен түсініктемелердің бәріне қол қоймай жыртып тастап отырған көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, Медеттің мектепке арақ ішіп келген кездері де болған. Сонымен қатар, екі сөздің біріне келмей, үлкен-кішілігіне қарамай айғайласып шығатын, мұғалімдік мәртебеге жат қылықтары көп — деп сот залында куәлік берді.

Барлық жауаптар мен пікірлерді қарап шыққан сот, келесі отырсты сәуір айының басында болатынын айтты.

 

Бақыт Қазымайұлы

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version