9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Оралдық оқушы ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды

Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Ақылбек Мақсотов ғарыш кеңістігіне арналған реактор үлгісін жасап шығарды.

Ақылбек реактордың 3D моделін, реакция анимациясын жасап шығарған. Реактор арқылы  қазіргі кезде ғарыш айлағына тасталып жатқан көміртегі диоксидінен оттегі және метан алуға болады. Оттегі экипаж мүшелеріне тыныстау үшін, ал метан ракета қозғалтқышына отын ретінде пайдаланылады.

Дәстүрлі әдіске қарағанда, отынның бұлайша өндірілуі арзанға түседі. Оралдық оқушының бұл зерттеуі Қызылорда қаласында «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбында жуырда осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылған ІХ Наурыз кездесулерінде жоғары бағаланып, бірінші орынға лайық деп танылды.

Еліміздің әр өңірінен жиналған жас зерттеушілердің аэроғарыштық инженерия тақырыбындағы сексеннен астам жобасы таныстырылған жарыста озып шығу — үлкен жетістік. Ақылбекке оған қоса  Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алуға жолдама берілді.

«Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің қолынан марапат алуым мені үлкен қуанышқа бөледі. Сондай-ақ Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтердің зияткерлік мектеп оқушыларының жобаларына жоғары баға беруі, ғарыш саласының халықаралық сарапшысы Майкл Лутомски және NASA-ның ғылыми зерттеушісі Правин Пратапанмен кездесуіміз зор шабыт сыйлады.  VR-көзілдірік пен планер, парашюттерді дайындау бойынша шеберлік сағаттары да өтті. Менің әр қарсыласымның жобасы бірегей деп айта аламын», — дейді Ақылбек Мақсотов.

«Ақылбек — білімге құмар оқушы. Химия-информатика пәнінің оқытушылары оның тереңдетілген тапсырмаларды орындағанды жақсы көретінін, ақпаратты жан-жақты зерттеуге дағдыланғанын айтады. Робототехникаға да қызығушылығы жоғары. Әсіресе, «ROBOLAND — 2016» халықаралық фестивалінде белсендік танытты. Өз бетімен оқуға, ізденуге талпынады. Желілік пән олимпиадаларында да өзінің терең білімін көрсетіп жүр», — дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Ернар Ғайсин.

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір шәкірті, 9-сынып оқушысы Эламир Қадырғалеев Наурыз кездесулерінде жүлделі үшінші орынға ие болды.

Эламир «COSMO-I» жобасында ғарыш ассисстентінің прототипін жасақтаған. COSMO-I — жасанды интеллект жүйелерін бірыңғай жүйеге интеграциялау арқылы техникалық мәселелерді шешуге қабілетті бағдарлама. Ғарыш кемесінің бортында ассистент ретінде қызмет ететін жоба борттағы ақауларды анықтай алады. Жобада ғарыш кеңістігінде планеталарды, астероидтерді және метеориттерді тануға қабілетті жасанды интеллект үлгісі пайдаланылған, сондай-ақ ол магнит өрісінің, температураның және басқа параметрлердің әсерлерін есептейді.

«Байқоңыр ғарыш стансасында ғарыш зымыранының ұшуын өз көзіммен тамашалауға мүмкіндік берген жандарға алғысым шексіз. Менің замандастарымды ғарыш саласының қандай мәселесі алаңдатады, олар қандай зерттеу жүргізуде деген сұрақтарыма жауап алдым. Өз жобамның артықшылығы мен жетілдіру керек тұсын анықтадым. Алдағы уақытта жұмысты жалғастырамын»,  — дейді Эламир.

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Ақылбектің ғылыми жетекшілері —  информатика пәнінің мұғалімі Айсұлу Сүлейменова мен xимия пәнінің мұғалімі Алтынбек Жанаxметов. Ал Эламирді ғылым жолына баулып жүрген ұстаздары — информатика пәнінің мұғалімі  Жамила Хусанова, физика пәнінің мұғалімі Татьяна Акопова.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...