Home Үздік Оқушы БҚО-да өрттен екі адамды құтқарған оқушы марапатталды

БҚО-да өрттен екі адамды құтқарған оқушы марапатталды

0

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы  Қ.Байсықов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 ақпан күні жанып жатқан үйден 8 жасар ұл бала мен ер адамды алып шыққан Мирас Жүнісовке медальді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев тапсырды. Сондай-ақ оқушының ата-анасына ҚР Ішкі істер министрінің, сынып жетекшісіне ТЖД бастығының алғыс хаттары табыс етілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мирас Жүнісов сабақтан келе жатқанда, көрші үйдің терезесінен жалынды байқаған. Үйдің ішіне кіргенмен, қою түтіннен ештеңе көре алмаған. Өртке қарсы қызметке хабарласу үшін қайта шығып бара жатқан кезде баланың дауысын естіген. Үйдің ішіне кіріп, баланы алып шыққан. Қорқып қалған бала тағы кім бар екендігін айта алмаған. Сол мезгілде ер адамның жөтелген дауысы шыққан. Оқушы бала оның да сыртқа шығып, көрші үйге жетуіне жәрдемдескен. Кейін өртпен күрес бөліміне хабар берілген.

Мирас Медетұлы оқу озаты, «Алтын белгіден» үміткер. География пәнінен аудандық олимпиаданың екінші орын иегері, облыстық «Эрудит» байқауының жүлдегері.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bko-da-ortten-eki-adamdy-kutkargan-okushy-marapattaldy_a3505087

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version