Home Жаңалық Сарапшы интернетті қазақстандық білім беру контентімен толықтыруға шақырды

Сарапшы интернетті қазақстандық білім беру контентімен толықтыруға шақырды

0

Білім беру саласында ғаламторды қазақстандық контентпен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Юлия Кучинская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі.

«Бүгінде баршаға қолжетімді YouTube арнасы білім беру контентімен толықтырылған, алайда ол қазақстандық емес. Қазіргі кезде министрлік пен партия мақсаттарының бірі ғаламторды қазақстандық контентпен қамтамасыз етуге арналған. Осы қадамдар арқылы балаларды дамытуға тиісті үлес қосуға болады», – деді Ю. Кучинская «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі қарсаңында білім саласына арналған панельдік сессия кезінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар сарапшы бүгінде еліміздің білім беру жүйесінде көп реформалар жүргезілгенін атап өтті.

«Бұл жаңа қадамдарды түсіндіру бір мағыналы әрі бірдей болуы үшін барлық өңірлерде реформалар біркелкі іске асырылуы маңызды», – деді ол.

Осы орайда ол заңнамалық тұрғыда елеулі жұмыстар атқарылғанын айтты. «Заңдар қабылданып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Ал кейіннен жүзеге асыру кезеңіне жеткенде, кейбір мәселелер туындап жатады. Толыққанды іске асыру үшін ресурстар жетіспейді немесе лайықты деңгейде көңіл бөлінбейді. Енді Үкіметтің жаңа құрамы алдында осы мәселелерді шешу міндеті тұр. Атап айтқанда, бүгінде туындаған қиындықтарды еңсеруге ұмтылу қажет», – деді сарапшы.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version