Home Жаңалық Астанада колледж студенттері арасында конкурс басталды

Астанада колледж студенттері арасында конкурс басталды

0

Астанада техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында озық идеялар конкурсы – Хакатон басталды. Аталған шара Политехникалық колледжде өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақпарат агентігі.

Хакатон кезінде колледж студенттері сан алуан өндірістік тапсырмаларды орындап, нақты бір шешімдерді ұсынады. Ал жұмыс берушілер жастардың қарым-қабілеттерін бағалап, үздік деп танылғандарды өндірістік іс-тәжірибеден өтуге шақыратын болады.

Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен шамамен 150 колледж студенті келді. Жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша нақты бес бағыт белгіленді. Олар – құрылыс, электр энергетикасы, мұнай-газ, тау-кен металлургия және ақпараттық технологиялар. Конкурс кезінде жұмыс берушілер студенттерге аталған салалар бойынша тапсырмалар береді. Ал студенттер оны шешуі тиіс.

«Мәселен, тау-кен өндірісінде белгілі бір құрал-жабдық сынып қалды. Қатысушылар дәл осы мәселені шешу жолдарын ұсынады. Жөндеу жұмыстарын қалай жүргізеді? Оған қанша уақыт кетеді? Қаржылай шығындары қандай? Студенттер осының бәрін есептеп, нақты жоспарын ұсынуы шарт. Әрбір жобаның тиімділігі жеке-жеке бағаланады. Үздік деп танылғандар өндрістік іс-тәжірибеге шақырылады. Артынан жұмысқа тұруға да мүмкіндік туады», – дейді ұйымдастырушылар.

Хакатонның ұйымдастырушылары – ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қалалық білім басқармасы және ERG компаниясы.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version