Жамбылдық өрендер ел бойынша 7-жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды

Жамбылдық оқушылар Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында 7-рет қатарынан «Ең үздік команда» атағын жеңіп алды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқаудың республикалық кезеңіне  Жамбыл облысынан 58 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Республикалық конкурстының биылғы ерекшелігі — оқушылардың ғылыми жобаларын қорғаудың ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық секциялар онлайн-режимде өтті.

Ғылыми жобалар байқауы 4 бағыт бойынша жүргізілді. Байқау қорытындысы бойынша, жамбылдық 5 оқушы алтын, 2 оқушы күміс және 17 оқушы қола медальді иеленіп, топ жарды. Сондай-ақ, биылғы жылы да Жамбыл облысының командасы 7 жыл қатарынан «Ең үздік команда-2019» атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, аталған республикалық байқауға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облысынан, оның ішінде, республикалық білім беру ұйымдары және Назарбаев зияткерлік мектептерінен 800-ден аса дарынды оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша сынға түскен болатын.

 

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version