-22 C
Нур-Султан
28.11.2022

Астанада оқушыларды әлеуметтік қолдаудың қандай түрлері бар

Астана бюджетінің жартысынан көбі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталады. Ұсынылатын жеңілдіктер туралы қалалық білім басқармасы айтып берді, деп хабарлайды Қазбілім елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, тегін тамақтандыру қызметі бастауыш сынып оқушыларының барлығына, 5-11 сынып оқушыларының әлеуметтік жағынан осал топтары санатына жататын балаларына көрсетіледі. Жалпылай алғанда, қызметтің бұл түрімен 78 мың оқушы қамтылған. Бұл елорда оқушыларының жалпы санының 50%-нан асады.

Жалпыға міндетті оқу қорының аясында көпбалалы отбасылардың балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жыл сайын мектепке қажетті заттарды, жазғы, қысқы және спорттық киімдерді сатып алуға материалдық көмек көрсетіледі, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы мен сауығу демалысы ұсынылады. Биыл аталмыш көмекке 6 мыңға тарта оқушы ие болды. Жалпылай алғанда, бұл мақсатқа 450 млн теңге жұмсалды.

Аз қамтылған отбасы балаларын әлеуметтік қолдау елорданың колледждерінде де қарастырылған. Осылайша екі мыңнан астам студент ыстық тамақпен, шәкіртақымен, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығымен, жатақханадағы орынмен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін қайырылымдылық науқандарының шеңберінде тек ағымдағы оқу жылының өзінде-ақ 8 мың балаға көмек көрсетілді. Көрсетілген көмектің мөлшері — 160 млн теңге.

Астанада мемлекеттік мектептер мен Балалар үйінің негізінде 4 Community орталық ашылды. Ондағы үйірмелер мен секциялардың барлығы тегін.

Еске салайық, қала әкімдігі Telegram-да көпбалалы аналарға арналған чат-ботты әзірледі. Онда азаматтар сауалнаманы толтырып, өз жағдайы туралы баяндап бере алады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

4 мыңнан астам адам магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 1-18 қараша аралығында...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері...

Қызылордалық 4 педагог «Үздік ұстаз» атанып, 3 млн теңгенің сертификатын алды

Қызылордалық педагогтар республикалық білім сынында аймақ абыройын тағы бір асқақтатты. «Үздік педагог-2022» республикалық байқауына қатысқан 123 мұғалімнің арасынан сырбойылық 4 ұстаз жеңімпаз атанып, төсбелгі...

Ғылым министрлігі студенттер арасында тілдік кемсітуге байланысты түсінік берді

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу ушін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының...