8 C
Нур-Султан
02.04.2023

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталады

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлері үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау басталды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне хабарлайды.

Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады. Құжаттарды республиканың кез-келген аймағындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары  және egov.kz  сайты арқылы онлайн тапсыруға болады.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпаннан 31 тамызға дейін жүргізілетін болады.

Ал, негізгі конкурс 6 наурыздан 29 қарашаға дейін өткізіледі. Осы жылы стипендия 69 мамандық бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер шетелдік жүзден астам үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Университеттер тізімі www.bolashak.gov.kz   ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік,  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» стипендиясынан басқа да үкіметаралық және шетелдік серіктес университтердің бөлген гранттары мен жалпы көптеген шетелдік университтердің тегін гранттарын еліміздегі шетелден сапалы білім алғысы келген жастар үшін ұсынып келеді. Бүгінгі таңда 40 000 жуық гранттар қазақстандықтар үшін қолжетімді деп айтуға болады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты...

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі. Industry Advisory Board (Салалық...

3 сәуірде республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталады

Ағымдағы жылдың 3 - 7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі, деп хабарлайды «Дарын» РҒПО. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына...

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді

Ұлттық Ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді, енді Президенттің тікелей назарында болады. Бұдан бұлай Перзидент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы деп аталады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жаңа өзгеріске сай, енді...