-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Жаңа әліпбиге көшу: Биыл мұғалімдерді дайындау жұмыстары басталады

 Қазақ тілін латын графикасына көшіру аясында 2019 жылы тіл мамандарын оқыту жұмыстары атқарылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы директоры Ербол Тілешов мәлім етті, деп хабарлады Қазақпарат агентігі.

«Біздің орталықтың негізгі бағыты — ғылыми сараптамалар жүргізу, сондай-ақ жаңа әліпбидің емле ережелерін халыққа таныстыру және қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету. 2018 жылы жаңа әліпбидің емле ережесі сараптаудан өтті, шілде айынан желтоқсанға дейін жүргізілді. Атап айтқанда, 6 желтоқсанда Үкіметтің жанындағы ұлттық комиссияда әліпбидің емле ережелері мақұлданды», — деді Е.Тілешов.

Оның сөзіне қарағанда, биыл енді латын графикасына көшу бағытында мұғалімдерді даярлау шаралары іске асырылады.

«2019 жылдағы негізгі жоспарға тоқталсақ, бекітілген емле ережені халыққа үйрету бағытындағы шараларды іске асырамыз. Осы бағытта қажетті мамандарды даярлауға екпін қоямыз. Соған байланысты Білім және ғылым министрлігінде биылға 9 038 адам, Мәдениет және спорт министрлігінде 2 400 адам жоспарланған. Бұл тұрғыда «Тіл-Қазына» орталығы 2 400 адамды Астанада оқытады. Еліміздегі мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындағы ұстаздар мен әдіскерлер қамтылады. Біздің министрлік ересек адамдарды оқытуды қолға алады. Ал Білім және ғылым министрлігі мектеп, колледж, университеттерді қамтиды. Атап айтқанда, ең бастапқыда халықты оқытатын ұстаздардың құрамын дайындауымыз керек», — деді Ербол Тілешов.

Осы орайда ол 72 сағаттық оқу бағдарламасы жасалғанын атап өтті.

«Наурыз айының аяғына қарай, біз оның оқу құралын дайындауды аяқтаймыз. Оқу құралы сайтқа салынып, көп тиражбен халыққа таратылады. Сосын барлық өңірлерде семинарлар ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, орталық атқарушы органдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, кітаптарды латын қарпінде шығаратын баспа редакторлары оқытылады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді, яғни биыл онлайн сабақтарды дайындаймыз. Осы онлайн сабақ халыққа қолжетімді болады», — деді ол.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...