26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Жақсылық Орынбасар. Бірыңғай форманы бірыңғай модаға айналдырмайық

Мектеп табалдырығын аттаған әр баланың оқушы санатын айқындап тұратын осы мектеп формасы көрер көзге тартымды-ақ. Кеңес кезінен бастау алып, әр оқушыға міндетті болып келген осы әп-әдемі киім үлгісінің рөлін анық біле бермейміз. Бұлай деуімізге себеп: еліміздің «Білім туралы» Заңында “білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті” деп бадырайып тұрса да кей мектептердің мұны толық жалпыластыруға құлықсыздығы мен аз санды ата-аналар мен олардың еркекшораларының қажетсіз санауы, дәлірек айтқанда менсінбеуі.

Алысқа бармай-ақ кешегі совет одағындағы мектеп формасының қалыптасуына қарасаңыз, бұл үрдісті орыстар сонау 1918 жылдардан бастап кеткен екен, арада бірнеше рет азды-кем өзгеріс енгенімен, сол қилы кезеңдердің өзінде қатаң сақталып келген. Аласапыран, алмағайып кезеңді бастан кешсе де оқу-ағарту ісіне немқұрайлы қарамаған кеңес үкіметінің сіз бен біз әлі күнге аса мән бермейтін мектеп формасына жай қарамауы тегін емес-ті. Тіпті, 1980 жылдары “қыз балалардың фартукты көйлектері тізеден төмен түсіп тұруы керек”,- деген ереже де қосыпты. Ал, біз ше? біз заңымызбен пәрмен берген істі орындауға дәрменіміз жетпейді, өйткені жай ғана баланың үстіне іліп жүрген матасынң оның ішкі әлеміне қаншалық әсер беретінін салмақтамақпыз. Ендеше, мектеп формасы не үшін қажет? Оның баланың тәрбиесіне қаншалықты оң әсері бар екенін таразылап көрейік.

Біріншіден, мектеп формасы әуелде жалпы оқушылардың әлеуметтік теңдігін қамтамасыз ету үшін қажет. Себебі мектепте түрлі әлеуметтік топтардың балалары бар, олардың әрқайсысы өз әлі жеткенше киінсе, бай баласы үлде мен бүлдеге оранып, кедей-кепшіктің баласы үстіне ілінгенін кисе, анау бай, мынау кедей дейтін кемсітушілік пен жікке бөлінудің басы осыдан басталмақ, иә болмаса, “аттыға ілескен жаяуға” ұқсап, әл ауқаты төмен отбасыларға салмақ түспек. Бала деген әуесқой, еліктегіш қой, ол да басқалар сияқты құлпырып жүргісі келеді, әрине. Сонымен оқушы арасында білім бәсекесі емес, киім бәсекесі белең алмақ. Бұл атаққұмарлық, дүниеқоңыздық қатарлы қоғамның “жұқпалы індеттерінің” алғашқы вирустарын баланың санасына сіңіреді деген сөз. Әйтпесе, осындайда атам қазақтың: «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала жоқ болам деп ойнамайды» дегені еске түседі, тұрмыстық жіктен барып бірін-бірі қорсыну мен өркөкіректік белең алары хақ.

Екіншіден, мектептегі кезеңде оқушыға кейбір материалдық мүмкіндіктердің тым қолжетімді болуы олардың ерте есеюге деген құштарлығын оятатыны анық. Оқушы үшін ең зияндысы да осы. Яғни, бірыңғай мектеп формасын менсінбейтін оқушы таңдағанын киіп дағдыланған сайын ертерек есейіп-ержетуге бейім болып, сәнқойлыққа, бойтүзеуге аңсары ауады. Бұл оқушының оқуға деген ынтасы мен сүйіспеншілігін әлсіретпей қоймайды. Демек, қарапайым мектеп киімі шылқылдаған шыбықтай жасөспірімдердің білім ордасынан аттанғанша алдында асар биік асуы, арқасында ата-ананың асқақ та ауыр аманаты бар екенін сезініп, бар ықылас пейілін тек білім алуға ғана аударуына септігі айтарлықтай. Десе де, қазіргі кезде мектеп формасы деп киіп жүрген кейбір киімдердің жоғарыдағы артықшылық түгілі көрер көзге ерсі көрінетінін айтпасақ болмас.

5481FA8E-B030-42FA-B617-C5F198553577_w974_n_sЖоғарыда бір сөзімізде кеңес одағының өзі сонау 80- жылдарда: “фартукты мектеп формасы тізеден төмен болуы керек”,- деген талап қойғанын айттық. Ал, біз неге бүлдіршіндерімізді балғын шағынан бастап ашық-шашық киінуден гөрі, ар-ұят сынды асыл қасиеттерге дағдыландырмаймыз? “Бір қызды тәрбиелеу – бір ұлтты тәрбиелеу” дейтін ұлылардың ұлағатын тізбелесек бұл тақырыпқа айтар сөз көп-ақ. Ал, енді мына елдердің жасап жүргені біздің арқамызға батар ауыр салмақ болмас еді ғой. Қараңыз, әдемілік пен ұлттық рухтың үлгісін бойына сыйдырып тұрған Түркімен жеткіншектерін қалай ғана ұлтының патриоттары демейсіз?

 

“Тәрбие тал бесіктен басталады” –демеуші ме едік? Мектеп те білімнің тал бесігі емес пе? Ендеше, қағаздағы біліммен шектелмей, үстіміздегі киіммен де болмысымызды сіңіріп жатсақ оның қазаққа берері келешек ұрпақтың татар жемісі мен жетер жеңісі болмас па? Оқушының міндеті, арманы да ойдағыдай білім алу. Дегенмен өзіндік мақсат мұраты қалыптасып үлгермеген өскіндерге қажетті шарт-жағдайды жасап, болашаққа дұрыс бағыт сілтеу қоғам, мектеп пен ата-анаға бұлтартпас борыш.

Мектеп формасын баланың күніне бір рет сабаққа барып келуіне қажетті киім деп қана қарамай, салауатты өмірдің, сапалы білімнің алғы шарты деп бағалап, оған ұлттық ою-өрнектеріміз арқылы барынша қазақы санамызды сіңіре білсек жаһандану тұсында жанталаста еліміздің ертеңіне деген сеніміміз нық, еңсеміз биік болмай ма?!

Әрі ұлттық киімді, ұлттық дәстүрді жалпыластырамыз дегеніміз бос ұран болмай, бала жастан санаға орныққаны дұрыс еді!!!

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Өте дұрыс көтерілген шаруа. мектепте есейіп кеткен ұрпақ өкінтеді. етегін түргізген балалрға мектеп қабырғасында өздерін бала сезінбейтін албырт сезімнің көбіне фрманың әсері мол

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...