26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Оқушылар арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына 50 мың оқушы қатысады

Қазақстанда мектеп оқушылары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына 50 мың оқушыны қатыстыру көзделуде. Бұл туралы «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында қонақ болған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтып берді.

«Бұл ауқымды әрі ағартушы жоба. Ол жобаға біз еліміздің барлық өңірлерінен 50 мыңнан астам оқушыны тартуды жоспарлап отырмыз. Оның мағынасы — оқушылар қазақтың «Қобыланды батыр» эпосын жаттап қана қоймай, оны талқылап, қазақтың ертедегі сөздеріне түсінік бере алуы керек. Бұл байқауды Жастар жылына арнап отырмыз. Қоғамның кең назарына ие болар деген сеніміміз бар. Жобаның финалдық кезеңі — «Хабар» телеарнасында телекүнделік және гала-концерт форматында өтеді. Бұл ретте мен осы жобаны қолдауға дайын отырған облыс әкімдіктеріне, Алматы мен Астана, Шымкент қаласының әкімдігіне, Білім және ғылым министрлігіне ерекше алғысымды білдіргім келеді», — дейді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, әлемде мұндай оқулар көптеген елдерде өтіп жатады.

«Мәселен, ағылшын тілді елдерде «Шекспир» оқулары өтіп жатады. Ол аз десеңіз, Ресейде «Пушкин» оқулары өткізіледі. Барлық жерде мақсат біреу — өсіп келе жатқан жас буынға туған тіліміздің байлығы мен көркемдігін, біздің бабалардың поэтикалық мұрасының көркемдігін көрсету», — деді министр.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...