7 C
Нур-Султан
23.09.2021

Бала қабілетін ұштай білген ұстаз

Мұғалім болу бар да, нағыз ұстаз болу бар. Екінің бірі мұғалім бола алар, бірақ, нағыз ұстаз болу көбінің қолынан келе бермейді. Ал, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Назым Әбуованы шәкірттері нағыз ұстаз санайды.

Назым Шегебайқызы–көпке үлгі, өнегелі жан. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болды. Олар балаларының тиісті білім алып, үлкен азамат болуын армандады. Әсіресе, қыздарының үлкені Назымның болашағына үлкен үмітпен қарады. Жастайынан білімге құштар Назым ата-анасының сеніміне еш шүбә келтірген емес.

Назым Әбуова еңбек жолын 1984 жылы №243 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып бастайды. Ғұмырын ұстаздық етуге арнаған ол, бүгінде өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып келе жатқан ұлағатты ұстаз. Одан кейін, жоғары білімді жас маман ұстаздық еңбек жолын №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде жалғастырады. Жан-жақты білікті ұстаз 1992 жылы №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейіне қызметін ауыстырып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып білгенін үйретуден жалықпайды. Оған қоса өз талпынысын қосып, ұжым ортасында беделді бола білді. Отбасылық жағдайына байланысты, 2015 жылы Астана қаласына жұмысын ауыстырып, «Мирас» халықаралық мектебінде балғындарға білім мен ізгілік дәнін сеуіп келеді.

«Бастауыш – білімнің баспалдағы» демекші, мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерге әріп танытқан алғашқы ұстаздың өзге­лерден шоқтығы биік тұратыны анық қой. Жаңалыққа жаны құмар Назым Шегебайқызы қоғамдық жұмыстарға да өте белсенді. Әлі күнге дейін білім ошағында өткізілетін шаралардың басы-қасынан табылады.

– Шәкірттеріне қатаң талап қоя білумен қатар аналық қамқорлығын аямаған ұстаздың бұл қасиеті бізге үлгі-өнеге. Назым апайымыз қысылған жанға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды басты адами парызы санайды, – дейді шәкірті Гүлден Еламанова.

Ол – шәкірттердің ғана емес, осында еңбек ететін ұстаздардың да ұстазы. Педагогикалық шеберлікті, ғылымды ұйымдастырушылық қабілетпен ұштастыра білді. Мұғалімдердің өткізетін әрбір сабағы мен балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мазмұнына терең барып, жаңаша бағыттарда жұмыс істеді. Жемісті еңбегіне орай, кейіпкеріміз үшін былтырғы жыл табысқа толы болды. «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2018», «Еңбек үздігі», «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі тағылды. ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хатымен, «Астанаға – 20 жыл» мерейтойлық медалімен, облыстық білім департаментінің мадақтамалары және құрмет қағаздарымен марапатталды. Табаны күректей 34 жыл ішінде қаншама шәкірттің жүрегіне жол тауып, бала жанының бағбанына айналған.

Кейіпкеріміз ғибратты ғұмырының ең қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге.

Жұлдызай НОҒАЙБАЙҚЫЗЫ
«Өскен өңір».

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...