20 C
Нур-Султан
26.07.2021

Ақтөбелік ұстаздар «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына өз ұсыныс-пікірлерін білдірді

«Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі». Мағжан Жұмабаев ұстаздың беделін осылай биіктетіп, өсиет еткен. Ал қазір педагогтың мәртебесі төмендеп кетті. Мұны өздері де мойындайды. Ақтөбелік ұстаздар «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Былтыр мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз жолдауындағы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау жайындағы ұсынысы ұстаздар қауымын қуантқаны анық. Ақтөбедегі ұстаздар да заң қабылданса, «мәртебеміз артып, беделіміз көтеріледі» деп үмітті. Педагогтардың сөзінше, қазір жастар мұғалім болудан қашады. Себебі, қағазбастылық, оқушының бассыздығы, басшының қатаң талабы, ата-ананың килігуі шошындырады. Өңірдегі Теректі мектеп-балабақшасының директоры Әлия Атшыбаеваның 35 жыл педагогикалық өтілі бар. Айтуынша, қазір ұстаздың беделі өте төмен. Мұғалім мәртебесін арттыру үшін көптеген жұмыстары жасалуы қажет.

«Мұғалімнің беделі қоғам алдында төмендеп кетті. Ұстаздың қадірі аз. Иығымен қағып өту, түрлі бейне жазбаға түсіру, қорқытып-үркіту, тілдеу. Қазір барлығы мүмкін. Мұғалімді қорғайтын заң жоқ. Осыны көргеннен кейін жастар мұғалім болудан қашады. Жалақы төмен, жастар келмейді. Алдымен, әлеуметтік жағдайлары дұрысталуы керек. Білікті маман ғана балаға білім, тәрбие беру шарт. Мұғалім өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Қазір ғаламтор дамыған заманда кей оқушының білімі мұғалімнен артып тұратындары да кездеседі. Дәрігерлер адамның денсаулығына жауап беруі үшін 5 жыл сайын білімдерін жетілдіреді ғой, ұстаз болашақ ұрпақтың, қоғамның тәрбиесіне жауапты. Кәсіби біліктіліктерін 5 жыл сайын жетілдіріп отырса, оған жағдай жасалса деген тілек бар»,-деді Әлия Атшыбаева.

Ал, Ақтөбе қаласындағы №13 орта мектептің директоры Асқар Күштаев «бала, ата-ана мен мұғалім арасындағы үш бірліктің жұмыс нәтижесі жоғары болады» дейді.

«Ата-ана, оқушы, ұстаз бірігіп, жұмыс жасаса, нәтиже жоғары болды. Заң жобасында осы мәселе қаралса деймін. Мүмкін осы үш жақты міндеттейтін талаптар енгізілер. Себебі, балаға алдымен тәрбие, кейін білім беріледі. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін күш біріктіруіміз қажет. Жастарды да осы мамандыққа қызықтыра білуіміз керек. Мұғалімнің мәртебесі аса төмендеп кетті деп ойламаймын. Дегенмен, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданса, кереемет болар еді»,-деді №13 орта мектептің директоры Асқар Күштаев.

«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына мұғалімдердің зейнет жасын әскери қызметкерлер секілді азайту туралы бөлім енгізілгенін қалайды. Жылына бір рет келетін еңбек демалысында «шипажай немесе емдеу мекемелеріне жолдама берілсе» деген тілектерін де білдірді.

Әсел АБАТ
BAQ.KZ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...