Home Жаңалық АҚШ-та білім алған шиелілік ағылшын тілін тегін үйретеді

АҚШ-та білім алған шиелілік ағылшын тілін тегін үйретеді

0

Шиелілік жас кәсіпкер Мөлдір Дүйсенова тұрмысы төмен отбасы балаларына ағылшын тілін тегін үйретеді, деп хабарлады ҚазАқпарат агентігі.

Ол аудармашы мамандығы бойынша білім алған. Одан кейін АҚШ елінде білімін жетілдіріп қайтты. Одан кейін Түркия мен Ресейде тәжірибесін толықтырды. Ағылшын тілін жетік меңгерген жас кәсіпкер былтыр «Zhas Project» жобасы бойынша грантқа қол жеткізді. Шиеліде 2013 жылдан бері ағылшын тілі курсын ашқан ол жергілікті өрендерге тәлім беру ісін жолға қойды.

«Бүгінгі күнге дейін ауданның 3 мыңға жуық өрені біздің курстарға қатысты. Алғашқыда өзім ғана қызмет атқарған едім. Қазір бізде 10 мұғалім бар. Төрт жерден филиал аштық. Бізге ауыл мектептерінен де ұсыныс түсіп жатыр», – деді  Мөлдір Дүйсенова.

Соңғы уақытта ол ізгі істі қолға алды. Жетім балалар, толық емес, аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына тегін дәріс беріп келеді.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version