-0 C
Нур-Султан
07.10.2022

Кәсібінің нәсібін көріп жүрген жастардың көптігі қуантады — жас ұстаз

Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі, «Болашақ» стипендиясының түлегі Нартай Шолтық биылғы Жастар жылына қатысты ойларымен бөлісті.

«Ең алдымен, елімізде жас болса да бас болып, өз кәсібінің нәсібін көріп жатқан және көптеген отандастарымызды еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жаңашыл кәсіпкерлердің өсіп келе жатқаны қуантты. Олар қазақ қоғамына пайдасын мейлінше көп тигізетін тетіктерді табу жолын ғылыми негізде зерттеп, білім жетілдіруге құлшынатыны мерейімді өсіреді. Соның ішінде менің биылғы түлектеріме айрықша әсер еткен екі көрініс болды. Олар — Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы Иван Крепак пен Қазақ-Британ техникалық университетінде оқитын 13 жасар өнертапқыш Абзал Мырзаш бауырымыздың ғылыми жаңалықтары. Жас өнертапқыштардың қажырлы еңбегі мен терең білімі көптеген өрендерге өнеге ғана болып қоймай, олардың жүрегіне бір ерекше үміт отын ұялатты деп түйдім. Себебі, сол мезетте залда отырған оқушылардың жанарынан «мен де осындай жетістікке жетсем» деген ұшқын көрінгендей сезілді»,-дейді Нартай.

Нартай Шолтықтың айтуынша, еркін еліміздің еңсесін одан әрмен биіктету үшін, қазақ деген ұлттың терезесін әлемнің дамыған елдерімен тең етуге үлес қосқымыз келсе, артымызда өлмейтін сөз не іс қалдыруды мұрат тұту керек.

«Төл әдебиетіміз бен ата мәдениетімізді жаңғыртатын, әлемге паш ете алатын Мерей Қарт, Айшолпан Нұрғайыпқызы секілді бауыр-қарындасымның жұмыр жүректерінің лүпілі күллі әлемдегі иісі қазақтың рухын бір көтеріп тастағандай болды. Иә, расымен де Алтайдағы аз ғана қазақтың аманатын арқалап келген бүркітші қарындасымыздың жан тебірентер сөзі бүкіл жүрегі бар адамның жанарына жас үйірді деп ойлаймын. Қазақтың қара домалақ Абзалының 1 минутта 1200 кітапты кирильден латынға аударатын өнертуындысын әлемге паш етер болсақ, Айшолпан қарындасымыздың әлемнің мүйізі қарағайдай Oxford, Harvard сынды білім ордасынан арнайы шақырту алғанын ескерер болсақ, онда дәл осы жастарға ұқсап баққысы келетін осы заманның білімі кемел кемеңгері өсіп-жетілері сөзсіз», — деп ойын түйіндеді жас ұстаз.

Бағым Ғалымбекқызы

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...