26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Баланың бағын байлаған баға

Мектеп өмірінде кімдер 5-ке оқыды, кімдер 3-ке оқыды ол әр кімнің өзіне аян, бірақ бүгінгі ұрпақ нешеге оқып жүр? Тоқсан соңы ата-ана бала үшін, бала баға үшін алаңдайтын арпалысты шақ. Арпалысты шақтың басты тұлғасы ұстаз, екі түйе соқтығысса ортасында шыбын өледі демеуші ма еді. Әкімшілік пен ата-ана арасында шырқыраған ұстаздардың ұстаздықтан түңілер, қорланар шағы. Ал, оқушылардың ата-ана алдында жауапқа тартылар, әйтпесе, сыйлық алып мәз болар шағы, мұғалімге жаутаңдар кезі.
Бізде бүгін қолданар бестік деген баға бар, аты бестік, әйтпесе ол үш қана құрамнан тұрады, яғни, оның тұңғышы бес. Ол – үздік атты «бақытты» бала бағасы, екіншісі артта қалсам сөз тиеді, алға шықсам көз тиеді деген ортдағылар бағасы. Ал бағаның кенжесі, «Республикалық» баға, оның аты үш. Кейде біреулердің үштің аты күш деп өзін-өзі жұбатар бағасы. Ал енді сіз ішіңізден екі деген баға бар емес пе деп ойлап отырған боларсыз, бірақ оны қазір ешкім алмайды. Неге? Бүгін біздің балалар дарынды ма, әлде…

Жаттампаздық және жалтақойлық

Бүгінгі бала бағаны қалай алады? Сіз – оқырман, ата-ана, оқушы, студент, әйтпесе болашақ ұстаз шығарсыз, бәлкім, ұлт болашағын ойлар ұлтжанды азамат шығарсыз, сондықтан сіздерге бүгінгі күні баланың алар бағасы жайлы шын мәлімет бергім келді. Бүгінгі біздің оқу-оқытудың бағасына барлап көрелік, сіз бен біз. Ал, мен – бүгінгі ұстаз, ертең баласы мектепке барар ата-ана.
Ата-ана баласын күнделікті бағасы арқылы бағалайды, ал бала ше? Бала түсініп төрт алғаннан гөрі, көшіріп бес алғысы келеді. Білім үшін емес, баға үшін оқу үрдіс алғаны соншалық, бүгінгі күнде баға – тағдыр, баға – өмірге айналған. Басына білім жинағанша, басқаны да өзін де алдайтын баға жақсы болған оқушы үшін. Бұл опық жегізбей ме? Ойланыңыз…
Жалған баға соңынан қуған оқушы бағаға берілгені соншалық, баға алу қиындау тиетін, математика бастаған жаратылыстық ғылымдар маңайына Ұлттық бірыңғай тест таяғанша таямайды, өйткені есеп «шығарып» үш алғанша, ереже жаттап, анықтама айтып төрт алу маңызды 11-сынып деген соңғы жылға барғанша.
Осындай сан себеп кесірінен бүгінгі ұрпақ жаттампаздық пен жалған білім, жалған баға жинап жалтақойлыққа бет бұруда. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келетін дағды қалыптасып, он жыл өзін де, ата-анасында алдаған бала он бірінші жылы ҰБТ-ға дайындық орталықтарын жағалап, бес уақыттық тамақты ауызға салып жүр де, асқазаны қорыта алмай әуре бүгінгі күні:

Жасымда ғылым бар деп ескермеппін,
Пайдасын көре тұра тексермеппін,
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермеппін

– деп, Абайша опық жеп жүрген мектеп бітірушілер саны артып барады. Бұның соңы не болар, ойланайық…

Шектеулі баға – шектелген дарын

Баға ұстаз үшін де салыстырмалы дүние, алдындағы оқушының деңгейіне сай ең мықтысы бес, орташасы төрт, ал әлсізі үш алады, бұл қатып қалған стандарт, ал оқушы өзін сыныптасымен салыстырады да,
Сен мықты, мен орташа, анау осал,
бәріміз бір аспанның астындамыз – деп бір сыныпта, артық білім үшін ойланбайды да жүре береді, бірақ өзге сыныптың баласы ше, өзге мектеп ше? Содан барып бір мектептің үздігі екінші мектептің орташасымен, кейде тіпті нашарының деңгейін де көрсетіп жүр.
Ал бағаның көлемінің тарлығы бұған басты себеп болуда, айталық, алдыңызда 30 оқушы бар егер де білім стандартына салар болса соның 2-3 оқушысы ғана беске толық жауап береді, ал әйтеуір жақсыларын талдап төрт оқушыға бес деген баға (бұның бір екеуі көтермеленген, басқа сабақтағы бағасы ескерілген бес) қойған ұстаз амалсыздан қалған 26 оқушыны теңдей жарып жартысына 4, (оның жартысы сабаққа келмейтін, әйтпесе келіп-кетіп қана жүретіндерге қарағанда салыстырылған, әйтпесе, сабақ оқымаса да белсенді оқушы) ал, соңғы жартысына 3 (бұның ішінде сабақта кейде бер кейде жоқ, келседе ұйықтап қайтатын, иіс алмас та бар) қояды. Сіз енді қараңыз, біреу келіп кетіп жүрсе болды үш алады, ал, біреу талпынады, бірақ шамасы жетпеген соң үш алады. Содан бірте-бірте, қойшы бәрібір үш алам одан да сол үшті ұйықтап жүріп алайыншы деген күйге жетіп бала бағын тең қойылған бағамен байлайды. Ал, оның ұстаз талпынысына төрт қояйын десе төрттегі одан жақсыларын беске, ал бесті алтыға шығаруы керек, бірақ амалы не алты деген баға жоқ. Ал ойларсыз ең нашар балаға, келмей, келсе де ұйықтап кетіп жүргендерге екі қоймай ма деп. Жоқ! Екі қойуға болмайды. Неге?
Ал бес алған бала жұлдыз бәрін біледі, ол оқушыда әрі қарай білген үстіне біле түсейін деген талпыныс жоқ, бес деген ең жоғары өзінен басқа ешкім жоқ. Ал шындық білім деңгейі шынайы ма, ол жағы белгісіз.

Қойдырмайтын және қойылмайтын баға

Қойылмайтын негізінде «қойдырмайтын» баға, бұл қандай баға? Бұл – екі. Неге? Бұның сан астары бар, санап көрелік.
Бірінші: сіз екі қойсаңыз, ата-ана бастап айқайлайды, баласының білмейтіндігін ойлап қынжылмайды, балама білгізе алмадың деп айқайлайды, оу, тоқсанның соңына дейін баласының күнделігін бір ашып, үй тапсырмасын қадағалауға шамасы келмейтін «жұмысбасты» ата-ана, метепке ата-аналар жиналысына жалынып шақырсаң келмейтін ата-ана тоқсан соңында сені өзі іздеп табады баласы егер, екі алса.
Екінші: сіз екі қойсаңыз, әкімшілігіңіз қосылып айғайлайды, оқи алмайтын бала жоқ, сен оқыта алмайсың дейді. Қатты кетсе, оқушыға қойған екі өзіңе қойған екі, дейді. Ал енді, өзіңізге, сұрақ қойыңыз сіз оқыта алмасаңыз алдыңыздан шығып жатқан үздіктерді кім оқытып жатыр?
Ал, сіз екі қоймайсыз өйткені өзіңізге жаныңыз ашиды…
Үшінші: сіз екі қойсаңыз, қат-қабат қағаз басады, сыныптан-сыныпқа қалдыра алмайтын оқушыңызды, өзіңіз қойған екі үшін өзіңіз сабақ өтіп, қағаз толтырып, үшке шығарып, «дарынын өсіріп» жіберуіңіз керек. Неткен қорлық, бұл қорлықтан кейін екі деген бағаны «орынсыз» аузыңызға алып көріңіз қане.
Ал, оқушы ше? Тоқсандыққа екі шықпайтынын білген бала келмей қалудан, келсе де ұйықтап келіп, ұйықтап кетуден, тәртіпке бағынбаудан қорықпайды, ал ондай өскен баладан ұят сұрап не істейсіз?
Ал мұғалім ше? Жүрген бір байғұс, өзін-өзі алдап…

Пайыз және пайда

Сіз мұғалімсіз бе, сіздің біліміңіз алдыңыздағы оқушының пайызы. Сіздің берген сыныптың сіз оқушыға қатаң талап қойып білім сапасын төменірек көрсетіңіз сіздің мәселеңіз май шаммен қаралып, педагогикалық кеңесте қаралады, сіз содан кейін, құдада тыныш, құдайда тыныш деп үндемей жүріп жаныңызды қинамай бағалағанды өзіңізге пайда деп санайсыз, өйткені құлақ тыныш, жан рахат.
Ал бастауыш сыныптың жайы тіптен ауыр, бар пәннің бәрін беретін апай төрт жыл оқытқан баласы өз баласындай болып кетеді, әрі пайыз түсірмеу керек, сонымен бастауыштың жартысы үздік, тоқсан пайызы екпінді, ал бесінші сыныпқа келіп әр мұғалімнің қолына түскенде үздіктен біразының үміті үзіледі. Ал бесінші сынып, сол үшінде мектептегі ең даулы сынып.
Өрге төмен жалтақтап жүріп, көнгіш көптің бірі боласыз. Сөйтіп жүргенде алдыңыздағы балада, қиналмай жүріп тырнақша ішіндегі төртін алып кете барады. Ал ұлттық бірыңғай тестте ше…
Енді бала болашағы не болар, ойланайық…

Өтірік баға және өлім (суицид)

«Жалғандық жарға жығады» деп айтушы еді, атам қазақ. Бүгінгі жалған баға өлімге (суицидке) бірақ әкелуде. Қалай дейсіз бе?
Салыстырмалы әр жерде әр қалай бағаланып келген балаға Ұлттық бірыңғай тест бірыңғай беріледі. Өмірі үш, төрт, бес алып жүрген бала ұлттық тесттен ұшып екіге түскенде (негізгі білімі екі, тек бұрыннан көтермеленіп келген бала), өмірі екіні көрмеген бала екі деген бағаны көргенде өзі де аң-таң, балам екпінді болып оқиды деп жүрген ата-ана да аң-таң. Ата-ана балаға, бала құлағы тыныш далаға қарайды.
Ата-ана баланың тағдырын ойлап жылайды, бала ұяттан немесе ата-анадан естір сөзден қорқып өзін өлімге байлайды. Қоғам шулайды, ұстаз ішіндегісін айта алмай асау аттай тулайды. Өкінгенмен бұл сәтте ештеңе де орнына келмейді, бәрі де кеш…өтеді кетеді.

Ақталмай қалған алтын белгілер астары

Алтын белгі – аты дардай белгі, бірақ, мектеп деңгейі әртүрлі, мұғалім деңгейі де әртүрлі, сондықтан баланың деңгейі сан қилы, ал баға салыстырмалы, бір мектепте біршама жақсы оқып басқалармен салыстырғанда үздік шығып жүрген біреу салыстырмалы бес қойылып жүріп алтынға айналып кетеді (негізі қола болатындай бала). Әйтпесе мектеп пайызы үшін көтеріліп жүріп үздік болып кетеді. Ал тест талабы жылдан жылға қатаңдап сырттан көмек бармай, алтын тұрмақ мыста жоқ ауылына қайтады. Әйтпесе қайтпай қалар жай да көбейіп барады.
Баласының шынайы білімін білмейтін ата-ана Ұлттық бірыңғай тесттен соң шулайды да қалады. Себепті жан-жақтан іздейді, бірақ, бәрі де кеш ол сәтте, ертерек ойлану керек еді…

Ойланайық…

Ұрпақ – ұлт болашағы, сол үшін де ұрпақ үшін істелер әрбір іс мінсіз болса игі еді. Ұстаз – сол ұлттың болашағын тәрбиелеуші, сондықтан мен баға төңірегінде мынадай ойларымды ортаға салар едім:
Бірінші, біз бестік баға дегеннен құтылып әлем елдері көшіп үлгерген 100 пайыздық бағаға, біздің қазіргі жоғары оқу орнында қолданылып жүрген баға формасына көшкеніміз ең дұрыс еді. Өйткені алдыңызда жүз оқушы отырсада жүз түрлі баға қоюға мүмкіндік алып, балада дәл деңгейі бойынша бағаланар еді. Әрі бала да дәл өз орнын бағалар рейтингісінен жоғарылатуға, бір саты жоғарылату үшін де білімге талпынар еді, қазірдегідей елдің бәрі төрт деп алаңсыз жүрмес еді.
Екінші, бүгінгі бала бағадан қорқады, себебі ата-ананың қарайтыны сол баға, сол үшін пайыз қумай әділ бағасын қойғанымыз, керек кезде екіні де қойып ата-анаға соңғы жылдыққа жеткізбей баласы үшін ойландырсақ игі еді. Ал, оқушы үшін екі деген әділ бағасын алып, ертерек есін жидырған абзал. Ұлттық бірыңғай тестке барып өзіне-өзі көзі жетіп жолын қимай.
Үшінші. Ғалымдардың дәлелдеуінше әр адамның миының даму кезеңі әртүрлі болады, сол үшін ілесе алмай жатқан оқушыны сыныптан-сыныпқа қалдырудың пайдасы да зор болар еді. Мысалы, биология 6 сыныпта, физика 7-ші сыныпта, химия 8-ші сыныпта қосылуының өзі де сол пәндердің қиындық дәрежесі мен бала миының дамуына негізделген. Сондықтан, миы кештеп дамыған баланы сыныптан төмендетіп өз деңгейіне қарай сапалы білім алуына мүмкіндік берсек.
Бұл, әрі сыныптан-сыныпқа қалдырмайды деп, оқымай ойнап жүретіндерге де қорқыныш сыйлап, оқуды есіне алып жүрер еді.
Білім сапасы күннен-күнге даму керек, өйткені даму дау жүрмейтін шындық. Ал, біздің ұрпақтың білім сапасы ше? Ойланыңыз…
Сол үшін оқу-ағартуымызға әлі де біраз өзгерістер керек-ақ. Баға баланың бағын байламаса, бала жерге қарамаса деген бізден тілек.

Аятжан Ахметжан

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

7 КОММЕНТАРИИ

  1. Балаларға үнемі айтам, былтыр алған бағаң қайда, қазір сол күнделікке жинаған бағаң қайда? Саған қазір пайдасы тие ме? Ертең мектеп бітіп маман болғанда атесттаттағы бағаң саған қажеті шамалы. Ең бастысы білім үшін оқы деп үйретіп жүрмін. Бір күні баға мәселесінде бір оқушым, сіз өзіңіз баға үшін оқымаңыз деп едіңіз ғой дегені бар.

  2. Бұл өте дұрыс айтылған мәселе деп білемін. Себебі қазіргі уақытта мектепте көптеген жағдайлар орын алуда. Сол жағдайлардың бір себебі, шынымен де осы киім мәселесі болып отыр. Көптеген қыз балалар форманы сақтағанымен де, етектерін тым қысқа етіп киіп, тақтаға жазған сәттерде келеңсіз жағдайларға ұшырап жатады және биік өшелі өз жастарына сай емес аяқ киімдерді киген қыз балаларды да көріп жүрміз. Осылардың барлығына қоғам болып, ата-ана болып, жұртшылық болып тосқауыл қоюға болатын шығар деп ойлаймын.

  3. Баға қою талабы өзгеріп жатыр қазіргі білім беру жүйесінде. Қалыптастырушы, жиынтық бағалау түрлерімен мұғалімдер таныс. Бала өз бағасын қалай, не үшін алып жатырғанын түсініп келеді. Сол сабақта пән мұғалімдері критерий бойынша бағалайды. Бала таныс ол критерийлермен, тіпті критерийлерді жоғары сынып оқушылары мұғаліммен бірге құруға да мүмкіндік бар. Сондықтан бұл жүйе уақытты күтеді. Сәл сабыр сақтайық, ағайын! Мектепті, мұғалімдерді жамандай не сынай бергенмен, ол түзеліп кетеді деп айта алмаймын. Бірігіп шешейік, «Жұмыла көтерген жүк — жеңіл» деп қазағым бекер айтпаған. Ата-ана шулап шыға келеді. Бір сәт өздеріңізді сол мұғалімнің орнына қойып, ойланып көрсеңіздер дегім келеді.

  4. 1 деген бағаны ұмытып кетіпсіз. Екілік бірліктен жоғары баға, тер төкпегенмен еңбектенгені бар боп тұр

  5. Бул маселеде менин де коптеген тусинбейтиним бар. Казакстандагы барлык мектептер жалпыга миндетти билимди бир стандартпен окытып жатса да , мектептер бир биринен ерекшеленип оздерине тусиниксиз еш бир стандартка сыймайтын оку багдарламаларын алып алган. Сонын салдарынан коныс аударган сатте окушыларга мектептен мектепке ауысу оте киындык тудыруда.

  6. Бул маселеде менин де коптеген тусинбейтиним бар. Казакстандагы барлык мектептер жалпыга миндетти билимди бир стандартпен окытып жатса да , мектептер бир биринен ерекшеленип оздерине тусиниксиз еш бир стандартка сыймайтын оку багдарламаларын алып алган. Сонын салдарынан коныс аударган сатте окушыларга мектептен мектепке ауысу оте киындык тудыруда.

  7. Ал математикадан жаксы тез жылдам дурыс шыгарады деп бес койып беске шыгарса , адебиеттен оки алмайды дурыс ежиктеп, тусингенин жеткизе алмайды соз коры жок бирак барлык сабагы бес сонда калай.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...