Home Білім жарысы Ағылшын тілінде ҰБТ-ны үздік тапсырған түлекке шетелдік ЖОО гранты беріледі

Ағылшын тілінде ҰБТ-ны үздік тапсырған түлекке шетелдік ЖОО гранты беріледі

0

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ағылшын тілінде қысқы ҰБТ-ны үздік тапсырған түлекке шетелдік ЖОО грантын сыйлайды, деп хабарлайды Қазбілім ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін сағат 9:00-де республика бойынша ақылы оқу бөліміне түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. «18-20 қаңтар аралығында 35 838 талапкер сынаққа қатысса, оның 61-і ағылшын тілінде бақ сынайды. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ҰБТ-ны шет тілінде тапсырушылардың артуына қызығушылық танытты. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Жанболат Мелдешов тесті ағылшын тілінде үздік тапсырған талапкерге грант бөлуге дайын екендігін айтып, бірқатар шетелдік серіктес ЖОО-ларды белгіледі», — делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетсек, 2019 жылдан бастап қазақстандық мектептердің түлектері ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл бастаманың мақсаты — мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу мүмкіндігін арттыру.

«Жалпы, шетелдік ЖОО-да білім алуға мүмкіндік өте көп. Биыл шетелдік ЖОО-лар қазақстандықтарға 40 000 грант бөлуге дайын. Бұл — әр талапкердің тегін білім алуға мүмкіндігі бар деген сөз. Мектеп түлектері ҰБТ сертификатымен қазақстандық ЖОО-ларға ғана емес, шетелдік оқу орындарына да түсе алады. Мысалы, Түркия жоғары оқу орындарына біздің сертификатымызбен түсе алады. Ол үшін ағылшын және түрік тілдерін білуі керек», — дейді Ж. Мелдешов.

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version