20 C
Нур-Султан
26.07.2021

Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салу жайлы Білім министрлігінің бұйрығы бар ма?

Жуырда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «Білім министрлігің бұйрығына сәйкес, енді сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-аналары мемлекет қазынасына 15833 теңге айыппұл төлейді» деген хабарлама тарай бастаған еді. Бүгін мұның анық-қанығын БАҚ-қа арналған брифингке қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың өзінен сұраған едік. — деп жазды zhaikpress.kz сайты.

— Әлеуметтік желі арқылы тараған барлық ақпаратқа сене беруге болмайды. Сабақтан қалған балаларға айыппұл салу жайлы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ешқандай бұйрығы жоқ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстегі 127-бап бойынша бала себепсіз 10 күннен астам мектепке келмесе, алдымен ата-анасымен жұмыс жасалынады. Тағы да қайталанса, мектептің ұсынысымен кәмелетке толмағандар ісіне арналған комиссияда қаралады да, әрі қарай полиция департаментімен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Сабақтан қалған оқушыларға айыппұл салынып жатыр деген жалған мәлімет. Бұған министрліктің қатысы жоқ, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы» деген 127-бабының 1-тармағында «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген. Ал осы баптың 2-тармағында «Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады» деп көрсетілген.

Сондай-ақ бала мектепке мүлдем бармаса Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің «Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу» туралы 409-баптың 2-тармағында «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – ескерту жасауға немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» делінген.

Сабаққа мүлдем қатыспай жүрген баланың мәселесі бойынша жергілікті полиция департаменті хаттама жасап, сотқа жолдайды. Ары қарай жоғарыда аталған баптар бойынша тиісті жауапқа тартылады.

 

Нұрлыбек Рахманов
суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов
zhaikpress.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...