20 C
Нур-Султан
26.07.2021

Ғұмар Қараш. ЕНДІ ҚАЛАЙ ТҰРМАҚ КЕРЕК?

Қазақтың жау жарағын тастап, момын болып, шаруасына қарағанына екі жүз жылдай болған екен, бұл екі жүз жыл он сегізінші-он тоғызыншы заманға тура келеді екен (һәр бір жүз жылды бір заман деп атайды). Бұл айтылған екі заманада адам баласы бегіректе ілгері кетті, ол ілгері кетуге себеп болған нәрсе – ғылым менен өнер. Бұл екі заманада отарба, откүйме шықты, тілграм, тилефон шықты, зауытта, фабрикада түрлі затты өзі істейтін машиналар шықты.

Бұл шыққан өнерлер адам баласының тұрмысын бүтіндей өзгертіп жіберді, бұрынғы амалсыз бір жерде отыратын, иәки амалсыз өнебойын бір кәсіпті ететін заманды артта қалдырды, отарба, откүйме, тілграм, тилефон адам баласын бірі-біріменен мидай араластырды, не істеймін десе де қолын жеткізді.

Сол күндегі яғни екі жүз жыл шамасындағы бізбенен баяғы білімі, өнері бірдей қатар халықтардың бәрі де бұ күнде ғылым иесі, өнер иесі, ұдұлат иесі болды. Аның үшін бұ халықтар жоғарыдағы айтылған өнерлерден қашпай, пайдаланды.

Енді бұл екі жүз жылда біз не бітірдік екен, өзімізді өзіміз бір байқап қаралықшы. Яфырмай, ойлап тұрсақ, бізің бұ екі жүз жылдық ғұмырымыз бүтіндей босқа өтіпті. Өзіміздей халық ауыз біріктіріп, ғылымды, өнерді асырмақ үшін басқа халықпенен таласқанда, біз өзді өзіміз бір бірімізбенен үлкендікке таласып, барлық уақытты уа барлық малды бұған сарп етіп, масқара болыппыз.

Сөйтіп өнерден де, ғылымнан да махрұм қалып, ақырында күнелтіп отырған малдан да айрылып, зор қиындыққа ұшырап тұрмыз. Жетер енді таласу, жетер! Ендігі ғұмырды бос өткізуден сақтаналық.

Енді бізге бұрынғы күн жоқ, бұрынғыша мал бағып көп ұзақ жасай алмаймыз, аның үшін бұрынғыдай жер жоқ.

Өнерсіз адам, йағни еш бір нәрседен хабары жоқ білімсіз адам бар затын пайдаға асыра алмайды, міне, біз қазақ халқы барымызды ұқсата алмай, жарлы болдық қой! Бай десең, бізде болды, не үшін бір ине қалмады?! Барлығы надандығымыздан…»

«Қазақстан» газеті, 1911 жыл, 1 желтоқсан, Орал қаласы
Ғұмар Қараш

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...