-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы полицейлері мектеп оқушыларына нұсқау берді

Жаңа жыл мересі қарсаңында Алматы полицейлері мектеп оқушыларына нұсқау берді, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ең алдымен, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс инспекторлары оқушыларға қоғамдық қауіпсіздіктің шаралары мен қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері туралы ескертті. Бұдан өзге олар балаларға, отшашуды және басқа тұтанғыш заттарды пайдалану ережелерін бұзу салдарынан туындауы мүмкін зардаптар туралы ескертті.

«Қалада кәмелетке толмағандарды заңгерлік жағынан барынша оқыту әлі де жалғасуда. Мектеп оқушыларымен қылмыстың алдын алу мәселесі бойынша әңгімелесеміз, орта мектептерде оқушылар арасында заңға бағынышты мінез-құлықты қалыптастыру арқылы заңның үстемдігін сақтау мен нығайтуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық шаралар кешені туралы сөйлесеміз. Бұдан басқа, диалогтар азаматтың, қоғамның және мемлекеттің құндылықтары туралы әңгімелерге негізделген.

Алмалы ауданының ювеналды полиция қызметкерлерінің кезекті сапары Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда өтті. Дәріс барысында оқушылар қоғамда дұрыс әрекет етуді, қауіпті жағдайда не істеуге болатындығын және кез келген құқықбұзушылықтың жауапкершілікке әкелетінін білді. Біз оқушыларды бөтен адамдармен кездесу кезінде өте мұқият болуға шақырдық және олар көмекке жүгіне алатын «102» нөмірі жайында еске салдық», — деп хабарлады, Алматы қалалық ПД ЖПҚ ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...