Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) — 2019

Мектептегі оқушыларының басты білім сыны — Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен Оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) жүйесіне 2019 жылы қандай өзгерістер енгізіледі? Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «QAZBILIM» ақпараттық агентігі тілшісі.

«Маңызды сұрақтардың бірі — тестілерге енгізілетін өзгерістер. Мәселен, бізде қазір ҰБТ мен ОЖСБ бар. Қазіргі таңда біздің мұғалімдер бір мәселені көтеріп отыр. Олардың айтуынша, министрлік жаңартылған білім мазмұнын енгізіп жатса, демек функционалды сауаттылыққа мән беру керек. Яғни, ойлы дағдыға баса ден қойылуы тиіс. Мұғалімдердің сөзіне құлақ ассақ, қазір ҰБТ мен ОЖСБ кезінде ең алдымен есте сақтауға маңыз беріледі», — дейді вице-министр.
Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҰБТ мен ОЖСБ форматы емес, сұрақтарының мазмұнына өзгеріс енгізілетін болады.
«Демек, мектеп оқушылары енді «қашан және қай жылы?» деген сұраққа емес, көбінесе «қалай және неге?» деген сұраққа жауап беретін болады. Бізге ең алдымен балалардың ойлау қабілеті, білімін қолдана білуі мен талдауы маңызды», — деді ол.

Ал, ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтындағы ҰБТ — ға байланысты жаңалықтар, төмендегідей: 

Ұлттық бірыңғай тестілеу — ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ өткізіледі:

  • ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
  • республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
  • ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдарға;
  • ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

Өтініш қабылдау мерзімі

Тестілеу мерзімі

Қатысушылар

ҰБТ  өткізіледі

1 және 15 желтоқсан аралығы

15 және 20 қаңтар аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;

*ақылы

3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

*ақылы

1 және 15 ақпан аралығы

24 және 29 наурыз аралығы

ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

10 наурыз және 10 мамыр аралығы

20 маусым және 5 маусым аралығы

1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

ақысыз

2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

*ақылы

  10 мамыр және 5 маусым аралығы

20 маусым және 5 маусым аралығы

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

   25 шілде және 3 тамыз аралығы

17 және 20 тамыз аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

*ақылы

* — тестілеу бағасы – 2242 теңге.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Төлемнің атауы – «Кешенді тестілеу үшін» (2242 теңге).

Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Қазақстан тарихы

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

2 блок

1 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады

Бейінді пәндер комбинациясы

1 бейінді пән

2 бейінді пән

1

математика

физика

2

математика

география

3

биология

химия

4

биология

география

5

шет тілі

дүниежүзі тарихы

6

география

шет тілі

7

дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

8

дүниежүзі тарихы

география

9

қазақ тілі / орыс тілі

 қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті

10

шығармашылық емтихан

шығармашылық емтихан

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы : 2 пән .

Барлық тест тапсырмалар саны — 60.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 40 минут (100 минут).

Тестілеу пәндері

Тапсырма саны

Тапсырмалар формасы

Бағалау формасы

Жалпы кәсіптік пән

20

Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

 

Арнайы пән

40

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)

1 дұрыс жауап = 1 балл

 

Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар (10)

Барлық дұрыс нұсқаны таңдау –

2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 балл

Жағдаятық тапсырмалар (10)

1 дұрыс жауап = 1 балл

Жоғары балл саны: 70.

Шекті деңгей балы: 25.

Ұлттық тестлеу орталығы ресми сайтынан алынды. 

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version