18 C
Нур-Султан
21.09.2023

2019 жылы ҰБТ-ға қандай өзгерістер енгізіледі

Мектептегі оқушыларының басты білім сыны — Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен Оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) жүйесіне 2019 жылы қандай өзгерістер енгізіледі? Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Маңызды сұрақтардың бірі — тестілерге енгізілетін өзгерістер. Мәселен, бізде қазір ҰБТ мен ОЖСБ бар. Қазіргі таңда біздің мұғалімдер бір мәселені көтеріп отыр. Олардың айтуынша, министрлік жаңартылған білім мазмұнын енгізіп жатса, демек функционалды сауаттылыққа мән беру керек. Яғни, ойлы дағдыға баса ден қойылуы тиіс. Мұғалімдердің сөзіне құлақ ассақ, қазір ҰБТ мен ОЖСБ кезінде ең алдымен есте сақтауға маңыз беріледі», — дейді вице-министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҰБТ мен ОЖСБ форматы емес, сұрақтарының мазмұнына өзгеріс енгізілетін болады.

«Демек, мектеп оқушылары енді «қашан және қай жылы?» деген сұраққа емес, көбінесе «қалай және неге?» деген сұраққа жауап беретін болады. Бізге ең алдымен балалардың ойлау қабілеті, білімін қолдана білуі мен талдауы маңызды», — деді ол.

Еске сала кетсек, елордадағы Конгресс-орталықта «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өтіп жатыр.

Аян Бекенұлы

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...