Home Білім жарысы “Алпамыс” батыр жырын жатқа айтқан Алматы облысының оқушысы 1,5 млн теңгені қанжығасына...

“Алпамыс” батыр жырын жатқа айтқан Алматы облысының оқушысы 1,5 млн теңгені қанжығасына байлады (фото)

0

Қазанның 2-і күні “Тұлпар мініп, ту алған” атты рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен “Алпамыс” батыр жырын жатқа айту байқауы өз мәресіне жетті. Бас жүлдені қанжығасына байлаған 9 сынып оқушысы Аружан Абсатар 1,5 млн теңгені қанжығасына байлады деп хабарлайды ҚАЗБІЛІМ порталы NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап. 

Фото: NUR.KZ

Әдеби байқау барысында 6-10 сынып аралығындағы мыңнан астам мектеп оқушысы “Алпамыс” батыр жырын жаттаған. Ал күні кеше анықталған жеңімпаздар “Алатау” дәстүрлі өнер театрында марапатталды.

Аружан Абсатар. Фото: NUR.KZ.

Бірінші орынды №180 орта мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Абсатар иеленіп, 1,5 млн теңгені жеңіп алды. Ал Аружанның ұстазы Майра Мырзахметова Англияның “Оксфорд” университетінде үш ай бойы білімін жетілдіреді.

Абылай Бердеш. Фото: NUR.KZ

Екінші орын Алматы қаласындағы №187 лицейдің 6 сынып оқушысы Абылай Бердашевке берілді. Оның ұстазы Айжан оспанбекова Англияның “Оксфорд” университетінде екі ай бойы білімін жетілдіретін болады.

Бекзат Шардарбек. Фото: NUR.KZ

Ал үшінші орынды иемденген №152 мектеп-гимназиясының оқушысы Бекзат Шардарбек 500 мың теңгені ұтып алса, оны дайындаған ұстазы Фарида Сүлейменова Англияның “Оксфорд” университетінде бір ай бойы білім алмақ.

Фото: NUR.KZ

Негізгі мақсаты, жастарды рухшылдыққа, отансүйгіштікке жетелеу болып табылатын бұл байқаудан кішкентай балалар да тыс қалмаған. Олар “Алпамыс” батыр жырын Роза Қасымқызының жетекшілігімен жаттап, түрлі сыйлықтар алды.

Фото: NUR.KZ

Шара барысында, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Балғынбаев Назар Албанұлы қазақ тіліне судай өзге ұлт өкілінің балаларын “Алғыс” хатпен марапаттады. Олардың қатарында Ким Ангелина, Ким Артур, Шут Михаил, Алиева Арзу бар.

Фото: NUR.KZ

“Күміс көмей” номинациясын Мәншүк Арыстанбек пен тәлімгері Гүлжан Оспанова жеңіп алды. Ал “Жез таңдай” номинациясын Санат Ғизатұлы мен тәлімгері Салтанат Нүсіпова марапатталды.

Фото: NUR.KZ

“Тұлпар мініп, бәйге алған” әдеби байқауының аясында “Алашұлы” тобы мен Өмірққұл Айниязов ұлттық әндерді орындап, “Самұрық” би тобы өнерлерін паш етті. Олег Никитин Құрманғазының “Адай” күйін орындады.

Қазылар алқасы. Фото: NUR.KZ

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version