Home Білім жарысы ҰБТ-2018: Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл – 83.

ҰБТ-2018: Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл – 83.

0

Биыл Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл – 83,1. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеу» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов айтып берді, – деп хабарлайды kazbilim.kz.

«Жалпы, биыл ҰБТ 167 пунктте өткізілді. Соның ішінде колледждер базасында – 3, жоғары оқу орындары базасында – 48, мектептер базасында – 116 пункт болды. Биыл ҰБТ-ға қатысуға 102 мың 447 түлек өтініш жазған. Яғни 102 447 түлектің 98 698-і немесе 96%-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның ішінде ҰБТ-ны 77 мың 224 түлек яғни 75%-і қазақ тілінде, 25 177 түлек, яғни 25%-і орыс тілінде тапсырды. Нәтижесінде тестілеуден шекті балды алған түлектердің саны – 84 065 немесе 85%. Өкінішке қарай, шекті балды алмағандардың саны – 14 633 немесе 14%. Сондай-ақ, 9 түлектің ҰБТ нәтижесі жоққа шығарылды. Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл – 83. Былтыр ол 80,5% болған, – деді ол.

Сондай-ақ, биыл Алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырамын деген 46 өтініш түсті. Бірақ 28 түлек қана ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырды. Оның ішінде 5 оқушы Астанадан, 7 оқушы Атыраудан, 6 оқушы Шымкенттен және қалғандары басқа қалалардан қатысты. ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырғандардың орташа балы – 85, – деді Рамазан Әлімқұлов.

Орталықтың директоры ҰБТ-ны тапсыра алмаған түлектер енді тестті екінші рет қашан тапсыра алатынын айтты.

– Олар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға өтініш бере алады. Емтиханды тапсыра алмағандар 15 тамыз бен 19 тамыз аралығында ақылы негізде оқу үшін ҰБТ-ны қайта тапсырады. Егер одан өтпей қалса, онда қыста қайтадан өтініш беріп тапсыра алады, – деді.

Қалалар бойынша ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткішті иеленген Алматы түлектері. Ал ең көп таңдалған пәндер комбинациясы-физика математика (26,7% түлек таңдады). Берілген пәндер 52 мамандық бойынша оқуға түсуге мүмкіндік береді. Ал ең кең таралмаған пәндер комбинациясы математика-география, бұл таңдау 18 мамандық бойынша оқуға түсуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл ҰБТ-дағы шекті балл 50 өзгеріссіз қалады. Естеріңізге сала кетейік, Биыл тек жалғыз түлек Алматылық  Шиара Құдайбергенова 25 маусымда Ұлттық аграрлық университет базасында  ҰБТ тапсырып, 140 балл алды. Ол мектепте үлгерімі жоғары оқушы саналғанымен, Алтын белгіге үміткерлер қатарында болмаған.

Қазбілім ақпарат. 

 

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version