29 C
Нур-Султан
30.05.2023

ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ШЕТЕЛДЕ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫН ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫНА ШАҚЫРАДЫ.

Бүгін 2018 жылы 11 сәуір Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығының бастығы Аралқанов Мақсат Салықұлымен Республикалық «KAZBILIM» орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлы шетелдегі қазақ жастарын елдің бас қаласындағы ұлттық университеттің студенті болуға шақырудың жобаларымен келісімге отырды.  

Келесі оқу жылында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дайындық бөліміне құжат қабылдау жақын күндері басталады. Дайындық бөлімінде шетелдік азаматтар (этникалық қазақ болып табылатын) тыңдаушылар білім ала алады.

2018-2019 оқу жылына тыңдаушылардың құжаттарын қабылдау және тестілеу (білім сынағы) 2018 жылдың шілде — тамыз айының аралығында жүргізіледі. Дайындық бөлімінде оқу мерзімі 9 ай. Дайындық бөліміне 250-300 білім гранты бөлінеді. Грант иегерлеріне ай сайын шәкіртақы (степендия) төленеді және жатақханадан орын беріледі.

Республикалық «KAZBILIM» орталығы Еуразия ұлттық университетімен бірлесе отырып, кешенді тестілеуге дайындық жүргізуге көмектеседі. Және мамандық таңдау, оқу бағдарламасы, құжат дайынаду бағында көмектесіп отырады.

Дайындық бөліміне түсу ережелері мен процедураларын университеттің сайтынан http://www.enu.kz/ru/info/obyavleniya/30153/ қарауға болады.

Қазақстан Республикасының азаматы болап табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды қабылдау ережесі.

Дайындық бөлімі

Құжаттар тізімі:

  1. Үміткердің өтініші;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған аудармасы) (төлқұжатта ұлты «қазақ» деп көрсетілмеген болса азаматы болып табылатын елдің Елшілігінен ұлты туралы анықтама алып келу)
  3. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа), (нотариальды расталған көшірмесі және аудармасы)
  4. 3х4 көлеміндегі 6 дана фотосурет, конверт;
  5. 086у формасындағы дәрігерлік анықтама

Қабылдау комиссиясының мекен жайы: Сәтбаев көшесі, 2, бас ғимарат, 116 каб., Кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығы.

Телефон: +7(7172) 709 450, ішкі нөмір: 31-192

Немесе  Республикалық «KAZBILIM» орталығына келіп тапсыруға да болады.

Мекен-жайы: Астана қаласы Тәуелсіздік көшесі 47/1. 8775 4318008. 8 (7172) 432 411.

Барлық сұрақтар бойынша Республикалық «KAZBILIM» орталығы директоры Аятжан Ахметжанұлының жеке өзіне хабарласа берсеңіздер де болады. Байланыс: 8 702 9318008.

Республикалық «KAZBILIM» орталығы баспасөз қызыметі.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...