-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

«Егемен Қазақстан» мен «Kazbilim» басшылары меморандумға қол қойды

«Егемен Қазақстан» газеті былтыр оқырманға жол тартқан мектеп бітіруші түлектерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлық жобасын биыл да жалғастыруда.

Жоғары оқу орнына құжат тапсырушы талапкерлер үшін пайдасы зор жоба аясында биылғы ҰБТ сұрақтары мен жауаптарын республикалық Kazbilim орталығының мамандары әзірлеп ұсынып отыр. Аталған жоба аясында бас басылым басшысы Дархан Қыдырәлі мен республикалық Kazbilim орталығының жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екіжақты келісім негізінде енді әр аптаның сейсенбісінде оқырман газет ішіндегі кітапша түрінде жарияланған Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарымен танысып, оның дұрыс жауаптарын белгілеп, қанша балл жинағанын біле алады.

Құжатқа қол қою барысында газет басшысы Д.Қыдырәлі басылымның қазіргі отандық білім беру саласында орын алып жатқан жаңашылдықтар мен күрделі мәселелер төңірегінде оқырмандарға, соның ішінде мұғалімдер мен мектептің жоғары сынып оқушылары үшін пайдалы контент ұсынуды көздейтінін, сондай-ақ мұғалім абыройы мен мәртебесіне, білім беру мүмкіндіктерін ұлғайтуға байланысты мәселелерге редакцияның бей-жай қарамайтынын, осы тарапта ағартушылық бағытты күшейту арқылы білім саласына айтарлықтай қолдау көрсетіліп отырғанын жеткізді. Өз кезегінде республикалық Kazbilim орталығының жетекшісі А.Ахметжанұлы ел ішіндегі, шалғай елді мекендердегі білім саласындағы мәселелерге тоқталып, басылым басшылығының қолдауына ризашылық білдірді.

Айта кету керек, былтыр бас басылымда Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығымен әріптестік шеңберінде ҰБТ-ға даярлау жобасы жүзеге асырылған болатын. Биыл аталған мемлекеттік мекемемен қабылданған меморандум аясында Елбасы тапсырмасына сәйкес, мұғалімдердің біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесіне байланысты ұстаздарға арналған ұлттық біліктілік тестілеуді жариялау жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, Қазбілім қазақ баласының ертеңі үшін еңбек етуден аянып қалмақ емес. Ұжым алдағы уақытта оқушыларға өте қажетті психологиялық, момтивациялық жазбаларда беріп тұрамыз. Сонымен бірге, «Егеменде» шыққан барлық нұсқаларды видео лекиця ретінде youtube.com/kazbilimtvарнасында да онлайн талдап көрсету мақсатымыз бар. Түлектер, күтіңіздер, — деп атап, өтті республикалық Kazbilim орталығы жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...