Home Жаңалық Жаңа Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды.

Жаңа Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды.

0

ҚР Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов уақытша, Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның бала күтіміне байланысты демалысқа шығуы кезеңінде ҚР білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Қазбілім орталығы тілішісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы — «Қайнар» университетін, 2010 жылы — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, мемлекеттік және жергілікті басқару бағыты бойынша доктор (PhD) біліктілігіне ие. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.

Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласындағы «Алма» АҚ-да бастаған, Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған.

Тағайындалғанға дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның “Болашақ” бағдарламасымен оқуға кетуіне байланысты оның орнына уақытша Асхат Қанатұлы Аймағамбетов тағайындалған. Дәл қазіргі кезде ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтындағы мәлметке негізделгенде министр Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының үш орынбасары бар. Олар Бибігүл Амангелдіқызы Асылова, Асхат Қанатұлы Аймағамбетов және Асланбек Кемеңгерұлы Амрин. Ешқандай орынбасардың қызметтен босатылғаны туралы ресми ақпарат таратылған жоқ, соған негізделгенде Талғат Ешенқұлов жоғарыдағы үшеунің қатарын толықтырды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version