-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Астана қаласы бойынша 1200 ге жуық оқушы 100-ден жоғары балл алып отыр.

2016-2017 оқу жылы Астана қаласы бойынша Ұлттық Бірыңғай тестілеу бойынша ақпарат

2016-2017 оқу жылын бітірген 4978 түлектердің 4526 оқушысы ҰБТ тапсыруға өтініш берді.

ҰБТ тапсырудан бас тартқан оқушылар саны – 210 (4,9%), соның ішінде – 78 шетелге оқуға түсті, 31 оқушы денсаулығына байланысты, 15 – өтініш бойынша, 49 оқушы – босатылған халықаралық олимпиада жеңімпаздары және Назарбаев Университетке түскен 37 оқушы.

Астана қаласы бойынша жоғары балл жинаған қатарында:

140 мүмкін баллдан 137 балл алған – «Нұр Орда» мектеп лицейінің түлегі — Алтынай Әмірхан. 135 балл жинаған 4 оқушы бар. Олар — Юлия Лапенко (№6 мектеп-гимназиясы), Фариза Оразбекова (№50 мектеп лицейі), Тоғжан Оразаева (№65 мектеп-гимназиясы) және Тұрсынай Абельдинова (№4 мектеп-гимназиясы).

1171 оқушы 100-ден жоғары балл алып отыр. Астана қаласы бойынша ҰБТ тапсырушылардың орташа балы – 84,65 баллды құрайды.

Биыл ҰБТ жаңа формата өткенін айтып кеткен жөн. Егер осыдан алдын тестілеу аттестат алып, жоғары оқуорнына түсу жолдамасы ретінде қаралса, қазір ондай бағалау жүйесі қарастырылмайды.

Осы жолы оқушылар мектепте қорытында аттестациядан өтіп, ҰБТ ға өз еркімен өтініштерін берген болатын. Бұл өз кезегінде оларға отандық оқу орнына түсіп, грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін болады.

213 «Алтын белгі» иегерлерінің 142 түлегі ҰБТ-ға қатысты. Қалған оқушылары – жоғары оқу орындарының грант иегерлері.

ҰБТ кезінде әр пунктте аппеляциялық комиссия жұмыс жасады. Түскен 158 өтініштің 19 өтініші оң жауаппен оралды.

ҰБТ кезінде дәрісханадан шығарып немесе тестілеу парағын жарамсыз деп тану оқиғалары болған жоқ.

KAZBILIM.KZ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...